EssilorLuxottica Diesel брендімен 10 жылдық лицензиялық келісім жасағаннан кейін алғашқы көзәйнектер топтамасын ұсынды. Бұл топтама Diesel мен Maison Margiela-ның креативті директоры Гленн Мартенстің басшылығымен ұсынылды. «Көзілдірік – брендтің бірегей болмысын және образдың мәнін айқындайтын ерекше категория», – деп түсіндірді Гленн.
Жаңа топтама 45 үлгіден тұрады: 14 оптикалық және 31 күннен қорғайтын көзілдірік. Әрбір модельдің бағасы шамамен 200 АҚШ долларын құрайды. Дизайн Y2K стиліне негізделген, гендерлік шектеулері жоқ. «Біз футуризмді көше стилімен үйлестірдік. Бұл Diesel-дің басты құндылықтарын – өзіндік ерекшелік пен даралықты көрсететін тосын микс болып шыға келді. Біздің батыл әрі еркін стиліміз EssilorLuxottica-ның шеберлігімен үйлесіп, көңілді әрі өжет стильге ие болды», – деді дизайнер.
