Style|Fashion

Constella Lucky Place өзінің алғашқы туған күнін атап өтті: Жанна Кан Астанада ZARDOZI ALMAMANIA топтамасын таныстырды

АвторыTatler Kazakhstan
24.09.2026
Фотосуретші: Даниил
IMAGE Фотосуретші: Даниил
Сәнді бутиктердің туған күндері әдетте бәріне таныс, үйреншікті сценарий бойынша өтеді. Қонақтар шампан ішіп, музыка тыңдайды және пресс-волл жанында суретке түседі. Алайда 22 қыркүйекте The St. Regis Astana қонақүйінде өткен мереке бұл үйреншікті форматқа мүлдем сыймады

Бұл күні Астанадағы Constella Lucky Place жобасы өзінің алғашқы жылын ерекше форматта атап өтті. Мереке жаңа ZARDOZI ALMAMANIA топтамасының премьерасына ұласты. Бұл ерекше топтама «Бір алма арқылы берілген адам тарихы» концепциясына негізделген. Мерекелік кеңістікте зергерлік өнер, жоғары сән әлемі және иммерсивті театр тоғысты.

Фотосуретші: Даниил
IMAGE Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
5 фотоның / 1 фотосы Фотосуретші: Даниил

Жаңа топтаманың басты символы ретінде алма таңдалды. Бұл жолы авторлар кәдімгі принтке мүлдем жаңаша, тереңірек мағына берді. ZARDOZI бренді үшін алма — адамның таңдауы, білімге құштарлығы, қызығушылығы, жаңа дүниені көруге ұмтылысы. Бұл тарихтың өзіндік нақты географиясы да бар. Оқиғаның соңғы нүктесі Алматы қаласына келіп тіреледі. Өйткені бұл шаһардың атауы, мәдени жады және болмысы алмамен тығыз байланысты.

ALMAMANIA жобасы осы терең идеяны киім тіліне аударады. Топтамадан мәдени код пен заманауи пішінді, әйелдік нәзіктік пен қайсар мінезді, дәстүр мұрасы мен еркін интерпретацияны анық байқауға болады. Дизайнерлер ұлттық дәстүрді тірі күйінде сақтап, бүгінгі гардеробтың бір бөлігіне айналдырғысы келеді.

«Астанадағы Constella Lucky Place үшін бірінші жыл — жаңа үлкен кезеңнің басы. Бүгінде адамдар бутикке келгенде сауда жасаудан бөлек, рухани құндылықтарға көбірек көңіл бөледі. Оларға шынайы эмоция, қарым-қатынас және қайта оралуға итермелейтін оқиғалар қажет. Сондықтан біз Constella жобасын зергерлік өнер, мәдениет және жаңа идеялар тоғысатын жанды кеңістік ретінде дамытқымыз келеді», – деп атап өтті Zhanna Kan Group негізін қалаушы Жанна Кан.

Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
6 фотоның / 1 фотосы Фотосуретші: Даниил

Көрсетілім одан әрі режиссер Разия Хасанованың иммерсивті спектакліне ұласты. ALMAMANIA тарихы бұл жолы пішіндер мен маталардан бөлек, тікелей қозғалыс, эмоция және қонақтардың өздерінің қатысуымен баяндалды. Көрермендер оқиғаның бел ортасына еніп, оның толыққанды бөлшегіне айналды. Мереке барысында Constella ұсынған сыйлықтар да ойнатылды. Өйткені Lucky Place (Сәтті орын) деп аталатын кеңістік өз атын іс жүзінде де дәлелдеп тұруы шарт.

Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
Фотосуретші: Даниил
3 фотоның / 1 фотосы Фотосуретші: Даниил

Осылайша Constella Lucky Place алғашқы жылын ерекше түйіндеді. Бұл кеш келесі жылдың да қызықты болатынын аңғартты. Он екі айдың ішінде The St. Regis Astana қонақүйіндегі бұл орын классикалық бутик шеңберінен әлдеқашан шығып үлгерді. ALMAMANIA премьерасына қарағанда, жоба алдағы уақытта да дами беретіні анық.