Жаңа сөмкенің басты ерекшелігі деп түйреуіш пішініндегі ерекше ілгекті айтуға болады. Ол өздігінен бұралып, сөмкені ашып-жабады және әйгілі Clash de Cartier әшекейлерін еске түсіреді. Сөмкені түрліше ұстауға болады: қолда немесе шынтаққа іліп, сондай-ақ иыққа асып жүруге де болады. Сөмке өте жинақы, күнделікті образға да, кешкі отырыстарға да тамаша үйлеседі.


Бұл үлгі Флоренцияда жоғары сапалы табиғи былғарыдан тігілген. Уақыт өте келе материал жұмсарып, өзіне тән ерекше, текті патинаға (жылтыр қабатқа) ие болады. Сөмке үш негізгі түсте ұсынылған: қара, карамель және Cartier-дің фирмалық қою қызыл (бордо) түсі. Жалпы, бордо брендтің ресми түсі болып саналады. Ол алғаш рет сонау 70-шы жылдары Must de Cartier топтамасында пайда болған.

Аксессуарлар мен былғары бұйымдар жөніндегі креативті директор Марлин Юсонның айтуынша, дизайнерлер бұл үлгіні жасау барысында хатқалтаның пішінінен шабыт алған. Осының арқасында сөмке ашық тұрғанда еркін пішінді болып тұрады, ал ілгегі жабылғанда қатаң геометриялық форма ұстап тұрады.


