Style|Fashion

Chanel топтамасындағы ертегі әлемі

АвторыЛилия Шабутдинова
08.07.2026
Chanel | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
IMAGE Chanel | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Chanel сән үйінің креативті директоры Матье Блази Габриэль Шанельдің ескі заттарын ақтарып отырып, ішінен шағын ғана ертегі кітабын тауып алған екен. Коконың өзі Камбон көшесіндегі пәтерінде көздің қарашығындай сақтаған осы бір көне басылым 2026 жылғы күз-қыс кутюр топтамасының бас тақырыбына айналып отыр

Блази жаңа топтаманың табиғатын қонақтарға алдын ала жіберілген шақыртудан-ақ аңғартып үлгерді. Дәлірек айтсақ, қағаздың орнына кітап пішініндегі күміс алқа таратылған. Негізінен, шақыртуды шағын естелік бұйым ретінде ұсыну – дизайнердің әдемі үрдісіне айналып келе жатқан әдет. Алдыңғы көрсетілімдерде қонақтарға үйшік, саңырауқұлақ немесе ұлуқабық бұйырса, бұл жолы олардың қолына сиқырлы бұршақ сабағы туралы ертегі кітабы тиді. Осылайша Гран-Пале төріне қадам басқандар нағыз ғажайып әлемнің ішіне еніп кеткендей күй кешті. Айнала толы алып лианалар мен тосын гүлдер бейнебір «Джек және сиқырлы бұршақ сабағы» ертегісін көз алдыңызға әкеліп тұрғандай.

15 фотоның / 1 фотосы Chanel | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight

Подиумға алғаш көтерілген модельдің қолында Коко Шанельдің баяғы кітабы, ал үстінде жартылай мөлдір муслин костюм мен белдеме бар еді. Осыдан кейін Блази кітап парақтарын бір-бірлеп ақтара отырып, киімдер арқылы ертегі кейіпкерлеріне жан бітіргендей әсер қалдырады. Мәселен, бір көйлектің арқасындағы түймелер «Ұсқынсыз үйрек» болып басталып, төмен қарай әсем аққуға ұласып жатса, келесі бір образдан «Етік киген мысық» ертегісінен сыр шертетін етік, қалпақ пен мысықтың бейнесін байқауға болады. Тіпті кешкі минодьер сөмкелерінің өзі көрерменді балалық шаққа жетелегендей: олар бірде ұйықтап жатқан алтын аюды, бірде сиқырлы бұршақты, енді бірде алтын жұмыртқа тапқан шұбар тауықты кейіптеп, құбылып тұрды.

21 фотоның / 1 фотосы Chanel | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight

Дегенмен, көрсетілім аяқталған соң Матье Блази журналистерге өзінің сүйікті ертегісі мүлде басқа екенін жасырмады. Дизайнер үшін ең ғажайып оқиға – жоқшылықтан шығып, бүкіл сән әлемін бағындырған Габриэль Шанельдің өз өмірбаяны. Сондықтан жоғары сән апталығындағы бұл көрсетілім дәстүрлі қалыңдық көйлегімен емес, Блази арнайы «кек алу көйлегі» деп атаған мінсіз қара көйлекпен қорытындыланып отыр. «Бұл оқиға дәл осылай аяқталуы керек деп шештім, өйткені Габриэль өмір бойы тұрмыс құрмай өткен адам ғой», – деп түйіндеді дизайнер.

Chanel | Haute Couture күз-қыс 2026 | Chanel баспасөз қызметі мұрағатынан
IMAGE Chanel | Haute Couture күз-қыс 2026 | Chanel баспасөз қызметі мұрағатынан