Style|Fashion

Chanel Нью-Йорк метросында Métiers d’Art 2026 көрсетілімін өткізді

Автор Лилия Шабутдинова
03.12.2025
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты

Нью-Йоркте сән үйінің үздік шеберлері дайындаған арнайы топтама көпшілікке ұсынылды

Chanel Métiers d’Art дегеніміз не? Бұл маусымдық prêt-à-porter немесе haute couture емес. Карл Лагерфельдің бастамасымен 2002 жылдан бері француз сән үйі серіктес қолөнер ательелерінің шеберлігін паш ететін қосымша топтаманы жыл сайын шығарып келеді.

Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты

Бұл тізімге он бір «арнайы шеберхана» (ateliers d’art) мен бірнеше өндірістік алаң кіреді. Олардың ішіндегі ең негізгілерімен Chanel сән үйі Коко Шанель заманынан бері жұмыс істеп келеді. Мәселен, Desrues шеберханасы 1965 жылдан бері Chanel-дің «ресми парюриі» (әшекей жасаушысы) саналса, Lesage – haute couture топтамаларындағы күрделі сәндік кестелер мен мата әрлеуге жауап беретін жетекші ателье. Ал Lemarié шеберханасы 1880 жылдардан бастап сән үйінің киімдері мен аксессуарларын қауырсын және гүлдермен сәндеуге маманданған. 

Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты

Көрсетілім әдетте желтоқсанда өткенімен, топтама маусымаралық циклге (pre-fall) жатады. 2004 жылдан бастап Métiers d’Art үнемі жаңа қалада немесе жаңа орында көрсетіліп, топтамалар міндетті түрде сол жердің тарихын баяндайды. Мысалы, 2018 жылы Chanel шоуды Мәскеуге әкеліп, дефилені ХШЖК-нің (ВДНХ) 69-павильонында өткізсе, Métiers d'Art 2025 көрсетілімі Қытайдың Ханчжоу қаласында тікелей су үстінде ұйымдастырылды – модельдер Батыс көлінің үстімен жүріп өтсе, қонақтар көрсетілімге баржамен жеткізілді.

Бұл жолы шоу орны ретінде Нью-Йорк метросы таңдалды. Көрсетілім жабық Bowery станциясында өтті. Оқиға үшін станция ретке келтіріліп, пойыз дауысы шығатын динамиктер, ескі үлгідегі таксофондар және тікелей жол үстіне үш қатар орындықтар орнатылған. Chanel-дің жаңа креативті директоры Матье Блази бұл топтамада Нью-Йорктің барлық архетиптерін жинақтады: джинсыға ұқсатып жасалған жібек шалбар киген студент, желбіреген қара плащ жамылған зайырлы ханым, 80-жылдардағы бизнес вумен мен 70-жылдардағы журналист, тіпті кеудесінде айқасқан қос C әріпті логотипі бар супервумен де бар. Модельдер пойызбен келіп, джаз әуенімен платформаға тараған сәтте, қонақтар киімдердегі жасырын детальдарды да байқап үлгерді: бірі – Нью-Йорк таксиінің түсіндегі костюм болса, екіншісі – костюмдерін Коко Шанельдің өзі тіккен «Бүгін кешке немесе ешқашан» (Tonight or Never) фильмінің кейіпкерін еске салады.

Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты
12 фотоның / 1 фотосы Chanel баспасөз қызметінің мұрағаты

«Мені Нью-Йорк метросы әрдайым қызықтыратын. Меніңше, бұл – жерасты жолын қоғамның барлық өкілі қолданатын әлемдегі жалғыз қала, – деді Calvin Klein-де жұмыс істеген жылдарында мұнда талай уақытын өткізген Блази. – Бұл иерархия жоқ жер деп ойлаймын».

Екі айдан кейін ол сән үйіне арналған жаңа топтамасын көрсетуі тиіс және ол келесі деңгей – haute couture болмақ.