Style|Fashion

Chanel-дің кутюр топтамасы: табиғат пен еркіндікке арнау

Автор Tatler Kazakhstan
09.07.2025
Chanel
IMAGE Chanel

CHANEL ұсынған күз-қыс 2025/26 маусымына арналған Haute Couture топтамасы қандай болды?

Chanel Париждегі Жоғары сән апталығында күз-қыс 2025/26 маусымына арналған Haute Couture топтамасын таныстырды. Көрсетілім атақты Гран-пале сарайының қабырғасында өтті. Сахналық безендіруге Beyoncé, Drake секілді әлем жұлдыздарымен жұмыс істеген дизайнер Уилло Перрон жауапты болды. Ол өз жұмысында Габриэль Шанельдің бір кездері қарапайымдылық пен табиғилыққа жол ашқан Камбон көшесіндегі сән салондарының рухын сездіруге тырысқан.

Ұстамды әрі сабырлы бұл топтамаға ағылшын ауылының жайлы тіршілігі мен Шотландияның кең жазығы шабыт берген. Бұл – қысқы классиканы табиғаттың өз реңктері арқылы жаңаша пайымдау. Топтаманың түстері де табиғаттан алынған: сүйектей ақшыл, топырақтай қоңыр, өсімдіктей жасыл және қатаң қара. Ерлер киіміне тән пішімдегі үлгілерде брендтің басты матасы – твид, сондай-ақ қауырсындар мен бидай масағының өрнектері басым. Ал түймелер мен кестелердегі алтын түстес әрлеу жалпы бейнеге ерекше салтанат беріп тұр.

Chanel
IMAGE Chanel
Chanel-дің кутюр топтамасы: табиғат пен еркіндікке арнау
Chanel-дің кутюр топтамасы: табиғат пен еркіндікке арнау
Chanel-дің кутюр топтамасы: табиғат пен еркіндікке арнау
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
Spotlight
35 фотоның / 1 фотосы Spotlight