Ресмилік пен күнделікті стильдің, қала мен жағажайдың, интерьер мен табиғаттың қарама-қайшылығына негізделген Cruise 2026/27 топтамасының жарнамалық науқанын Биаррицтегі Гранд-Пляж жағалауының құмында фотограф Алек Сот түсірді. Бұл кадрларда Джозеф Акуэй, Стефани Кавалли, Руй Чэнь, Кьяра Дорвард, Бавита Мандава, Бруно Соуза және Анна Вьялицына сынды модельдер көрінді, ал арнайы видеоны Стюарт Вайнкофф түсірді.



Кішкентай қара көйлек — топтаманың басты бөлшектерінің бірі: оның Chanel сән үйінің культтік бұйымы мәртебесін алғанына биыл тура жүз жыл толып отыр. Жаңа топтамада ол «кек алу көйлегі» ретінде қайта жаңғырды, ал оның 1926 жылғы алғашқы үлгілеріне тән арқадағы бант енді түрлі силуэтте кездесетін көлемді сөмкеге айналған.


Тоқылған белдемшелер мен көйлектердің сызықтарын, көлемді тоут сөмкелерінің, туфлилер мен лоферлердің пішінін айқындайтын қос «С» белгісі бүкіл топтаманың өзегіне айналыпты. Сонымен қатар, гардеробтан Баск еліне тән өзіндік жолақтарды, чили бұрышы пішініндегі әшекейлерді, Биаррицтің символы саналатын жыңғыл ағашының мотивтерін және жағалау көрінісі бейнеленген трикотаж бен пальтоларды көруге болады.



