Валенцедегі Bvlgari мануфактурасы әлемдегі зергерлік бұйымдар өндіретін ең ірі кәсіпорынға айналды. 17 500 шаршы метр аумақты алып жатқан зауыттың жұмысының негізінде қайта жаңартылатын энергия көздері жатыр. Зауыттың энергия қажеттіліктерінің 60%-н күн мен жел қамтамасыз етсе, қалған 40%-ы геотермалды және фотоэлектрлік жүйелер арқылы алынады. Бұдан бұрын мануфактура халықаралық деңгейде ғимараттың экологиялық тазалығын растайтын LEED Алтын сертификатын алған болатын.
Тұрақты дамудың маңызды бір қыры – бүкіл әлем бойынша экологиялық таза қаптаманы енгізу. Bvlgari-дің танымал қораптары мен қаптарының 50%-ы қайта өңделген материалдардан тұрады және бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 70%-ға дейін арттыру жоспары бар. Тұрақты даму қағидасы брендтің түпкі мәніне әу бастан-ақ сіңген, себебі табиғатқа деген құрмет және экологиялық жауапкершілік Bvlgari үйінің негізін қалағаннан бері оның миссиясы болып келеді.












