Style|Fashion

Брижит Бардоның арқасында әлем ғашық болған 7 нәрсе

Автор Лилия Шабутдинова
28.12.2025
Брижит Бардоның арқасында әлем ғашық болған 7 нәрсе
Chic-destroy – 1980-жылдары Брижит Бардоны киіндірген дизайнер Жан-Клод Житруа актрисаның стилін дәл осылай сипаттаған еді. Бұл – паң элеганттылықтың жеңіл бейқамдықпен және өр мінезбен астасқан ерекше үйлесімі. Аяқ киімін шешіп тастап, көшеде жалаң аяқ жүре салу, Елисей сарайындағы ресми қабылдауға мини-юбка киіп бару, шашын бейне бір құмарлы түннен соң жаңа оянғандай ұйпа-тұйпа күйінде қалдыру – Бардо сән әлеміндегі қасаң қағидаларды бұза отырып, мұның бәрін табиғилықтың шыңында істей білді

Актрисаның өзі ешқашан сәннен қалмайтын образ жасағанын мақтан тұтатын. Ол: «Мен ешқашан сәннің соңынан ерген емеспін!» – дейтін. Иә, ол үстем трендтерге бағынбағанымен, сол трендтерді өз қолымен жасады. Оның өрлігі, ойынпаздығы мен нәзіктігі күллі әлем еркектерін есінен тандырса, әйелдер қауымы ондаған жылдар бойы оның жеңіл әрі сезімтал стилін қайталауға тырысты. Сонымен, Брижит Бардоның аңызға айналған образы неден тұрады?

Сүрмелі жанар

Көздері қара бояумен қалың жиектелген, кең қанатты сызықтар тартылған отты жанар – Брижит Бардоның төлқұжаты іспеттес. Ол көбіне макияжын өзі жасайтын, бірақ кино түсірілімдері үшін визажист Одетт Берруаның көмегіне жүгінетін. Екеуінің достығы сондай, актриса құрбысына пәтер сыйлаған деседі.. 

Брижит Бардо мен Пабло Пикассо | Getty Images
IMAGE Брижит Бардо мен Пабло Пикассо | Getty Images

«Бабетта» шаш үлгісі

1960-жылдардың аңызға айналған бұл шаш үлгісі стилист Жак Десанждың шеберлігінен туды. Ол бұл бейнені Бардоның Бабетта идет на войну фильміндегі кейіпкері үшін арнайы ойлап тапқан еді. Төбесі биік етіп жиналған бұл сән үлгісі француз гламурының символына айналып, әлем әйелдеріне шабыт сыйлады. КСРО-дағы сәнқойларға бұл оңайға түскен жоқ: шашқа арналған косметика тапшы заманда олар қажетті көлемді шығару үшін шаш арасына ескі газет, мата немесе мақта салуға мәжбүр болды.

Брижит Бардоның төлқұжатына айналған «Бабетта» шаш үлгісі | Silver Screen Collection / Getty Images
IMAGE Брижит Бардоның төлқұжатына айналған «Бабетта» шаш үлгісі | Silver Screen Collection / Getty Images

Балетки

Бардо бала кезінен балетпен айналысқан, бұл оның үлпілдек белдемшелер мен табаны тегіс аяқ киімге деген құштарлығын түсіндірсе керек. Ол балеткиді тек би сыныптарында емес, көшеде де киіп жүрді. И Бог создал женщину (1956) фильмі үшін актриса Repetto компаниясын күнделікті киюге ыңғайлы балет туфлилерін жасауға көндірді. Содан бері бұл аяқ киім әлемдік сәннің классикасына айналды.

Брижит Бардо «Частная жизнь» фильмінің түсірілімі кезінде Капри аралында балеткимен жүрген сәті | Getty Images
IMAGE Брижит Бардо «Частная жизнь» фильмінің түсірілімі кезінде Капри аралында балеткимен жүрген сәті | Getty Images
Брижит Бардо 1954 жылы өз үйінде билеп жүрген сәті | QUINIO / Gamma-Rapho via Getty Images
IMAGE Брижит Бардо 1954 жылы өз үйінде билеп жүрген сәті | QUINIO / Gamma-Rapho via Getty Images

Жолақ жейде

Жолақ жейдені сәнге Коко Шанель енгізді деп есептелгенімен, оны француз стилінің айнымас символы ретінде бекіткен – Брижит Бардо. Оның арқасында Сен-Тропе қаласы сәнқойлардың меккесіне айналды, ал тельняшка жағалаудағы демалыстың негізгі «униформасы» болып қалыптасты.

Брижит Бардо «Невеста слишком хороша» (1956) фильмінің түсірілім алаңында жолақ жейдемен (тельняшка) | Sunset Boulevard / Corbis via Getty Images
IMAGE Брижит Бардо «Невеста слишком хороша» (1956) фильмінің түсірілім алаңында жолақ жейдемен (тельняшка) | Sunset Boulevard / Corbis via Getty Images

Виши торы

Брижит Бардоны XIX ғасырда аттас француз қаласында дүниеге келген Виши торын сән биігіне шығарып, оның бағын жандырған тұлға деп толық сеніммен айтуға болады. Бардо ұсақ торлы матаны кинода да, өмірде де сүйіп киді. Тіпті 1959 жылы Жак Шаррьермен өткен неке қию салтанатында актриса дизайнер Жак Эстерель жасаған қызғылт түсті Виши торындағы көйлекпен шықты. Француздық Vogue жазғандай, Брижиттің жеңіл қолымен бүкіл Париж торлы киімге ауысты.

Брижит Бардо «Танцуй со мной» (1959) фильмінде | Getty Images
IMAGE Брижит Бардо «Танцуй со мной» (1959) фильмінде | Getty Images

Шашқа арналған таңғыштар мен аксессуарлар

Актриса шашына тағатын кең таңғыштарды, құрсауларды және орамалдарды жанындай жақсы көрді. Бұл детальдар оның бейнесіне балалық аңғалдық пен еркелік қосып, оның enfant terrible («тәрбиесіз бала») образын айқындай түсетін.

Брижит Бардо «Презрение» (1963) фильмінің түсірілім алаңында | Marceau-Cocinor / Les Films Concordia / Georges de Beauregard / Carlo Ponti / Collection Sunset Boulevard / Corbis via Getty Images
IMAGE Брижит Бардо «Презрение» (1963) фильмінің түсірілім алаңында | Marceau-Cocinor / Les Films Concordia / Georges de Beauregard / Carlo Ponti / Collection Sunset Boulevard / Corbis via Getty Images

Bardot neckline

Көйлек үлгісіне есімі берілген актрисалар некен-саяқ. Брижит Бардоның образы соншалықты культті болғаны соша, иықты ашып тұратын кең ойық оның есімімен – Bardot neckline деп аталды. Бұл ойық көбіне кеудені әдемі көрсететін балконет лифімен (актрисаның тағы бір символы) үйлесім тауып жатты.

Брижит Бардо өз есімімен аталған ерекше ойықты көйлекпен | Hulton Archive / Getty Images
IMAGE Брижит Бардо өз есімімен аталған ерекше ойықты көйлекпен | Hulton Archive / Getty Images