Жаңа кутюрлық топтамада Қазақстан тақырыбына айрықша мән берілген (сән үйінің негізін қалаушы Ульяна Сергеенко Өскемен қаласында туып өскен). Мәселен, күлгін, жасыл және сарғыш жібек жолақтардан құралған корсет пен белдемше жиынтығы Орталық Азияның атақты «беқасам» матасын және 2014 жылғы «Қазақстан» топтамасын еске түсіреді.

Ульяна Сергеенконың қолтаңбасына тән қолөнер дәстүрлері, әдеттегідей, жаңа тұжырымдаманың маңызды бөлшегіне айналды. Сән үйі өзінің тұрақты серіктестері – «Елецкое кружево» мен Гусь-Хрустальный шеберханаларымен жұмысын жалғастырып қана қоймай (мысалы, жүннен тоқылған пальто қолмен қашалған хрусталь шыныдан жасалған кәріптас түстес тауықтармен безендірілген), бұл маусымда алғаш рет «Балахнинское кружево» мен «Казаковская филигрань» шеберлерінің көмегіне жүгінді.




Түсірілімнің басты кейіпкері – қазақстандық модель әрі сән үйінің музасы Бибі Шәріпова болды. Жаңа кампейннің идеясы да сән үйінің архивіне сілтеме жасайды. Кадрларда модельдер кітап ішінен шығып келе жатқандай көрінеді: бұл бір жағынан Ulyana Sergeenko-ның кутюрлық тарихын баяндаса, екінші жағынан модельдер Александр де Бетак жобалаған алып кітаптың ішінен шыққан 2013 жылғы Париждегі алғашқы көрсетілімдердің бірін («Унесенные ветром») еске түсіреді.

