Бьянка Цензоридің нақты не дайындап жатқаны әзірге жұмбақ
Бьянка Цензори BIANCA by Bianca Censori атты жеке брендін іске қосатынын жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Оның минималистік стиліндегі ресми сайтында тек жазылым үлгісі мен релиздің нақты күні (13 қазан) ғана көрсетілген, бұл алдағы жобаның құпиясын одан әрі арттыра түсуде. Осы жылдың басында Цензори Калифорния мен Австралияда Bianca Censori Inc. компаниясын тіркеген болатын. Бұл киінуді (ал кейде, керісінше, шешінуді) тұтас бір перформансқа айналдырған адам үшін өте қисынды қадам.
Yeezy брендінің сәулет бағытын басқарып, оның минималистік эстетикасын қалыптастыруға атсалысқан Бьянканың бұл салада тәжірибесі мол. Әзірге біз оның, бәлкім, «жалаңаш» көйлектерден тұратын алғашқы капсуласын тағатсыздана күтудеміз.

