Style|Fashion

Белла мен Джиджи Хадид жаңа Guest in Residence кампейніне бірге түсті

АвторыTatler Kazakhstan
28.08.2026
Белла және Джиджи Хадид | Instagram Guest in Residence
IMAGE Белла және Джиджи Хадид | Instagram Guest in Residence
Джиджи Хадид өзінің Guest in Residence трикотаж брендінің түсіріліміне алғаш рет сіңлісі Белланы шақырды

Вайоминг тауларының аясында өткен күзгі кампейнде апалы-сіңлілі Хадидтер ковбойлар дуэлін сахналады. Олар былғары чапстар, ковбой қалпақтары, кашемир жемпірлер мен джинсы киіп камера алдында түрлі образда көрінді.

Түсірілім брендтің маңызды кезеңіне орайластырылған. Guest in Residence алғаш рет тек кашемирмен шектелмей, толыққанды деним топтамасын нарыққа шығарды. Джиджидің айтуынша, джинсы мен кашемир жемпірлер әрқашан оның күнделікті гардеробының негізі болған. Сондықтан бренд топтамаларында денимнің пайда болуы ол үшін заңды қадамға айналды.

Белла және Джиджи Хадид | Instagram Guest in Residence
IMAGE Белла және Джиджи Хадид | Instagram Guest in Residence
Белла және Джиджи Хадид | Instagram Guest in Residence
IMAGE Белла және Джиджи Хадид | Instagram Guest in Residence

Guest in Residence негізін 2022 жылы Джиджи Хадид қалаған киім бренді. Бастапқыда марка тек жемпір, кардиган, шалбар және аксессуарларды қамтитын кашемир трикотажына маманданған болатын. Қазір Джиджи брендтің креативті директоры қызметін атқарып, топтамаларды жасау процесіне тікелей араласады.