Style|Fashion

Balenciaga тарихындағы жаңа кутюр дәуірі

АвторыTatler Kazakhstan
09.07.2026
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
IMAGE Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Париждің XIV округі, студенттер қалашығы және ашық аспан. Жоғары сәнді заманауи көше ырғағымен табыстыруды көздеген Пьерпаоло Пиччоли кутюр дефилелеріне тән дәстүрлі жабық форматтан батыл түрде бас тартыпты

Пьерпаоло Пиччолидің Balenciaga-ға келуі екі түрлі дәуірдің тоғысуымен есте қалды. Ол өзінің алғашқы ready-to-wear топтамаларында Кристобаль Баленсиаганың классикалық мұрасы мен Демна Гвасалияның батыл стилін қатар алып жүруге тырысты. Алайда жаңа кутюр желісінде дизайнер мұндай компромистен бас тартып, назарын толықтай сән үйінің тарихи бастауына бұрған. Пиччоли брендтің бай архивін ақтара келе, көне үлгілерге Valentino-да қызмет еткен жылдары шыңдалған өзіндік талғампаз қолтаңбасы арқылы жаңа өмір сыйлап отыр.

10 фотоның / 1 фотосы Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight

Топтаманың басты назары сән үйінің негізін қалаушыны әлемге мойындатқан ерекшеліктерге – архитектуралық көлемге, күрделі пішімдер мен мінсіз тігіске ауған. Дегенмен Пиччоли бұл тарихи мұраның ішіне өзінің де айшықты стилін шебер сіңіре білді. Подиумда қанық түстер палитрасы, әсіресе дизайнердің фирмалық PP Pink реңкі мен образдардың сезімге толы еркіндігі анық байқалды.

Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
10 фотоның / 1 фотосы Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight

Көрсетілімнің тағы бір ұтымды тұсы – жоғары сәннің күрделі техникасы мен күнделікті қарапайым киімдер арасындағы контраст. Ол бір образдың бойында базалық футболка мен күрделі пішілген белдемені керемет үйлестіре салған. Ал ерлерге тән қатаң силуэттер көзді ашып-жұмғанша жеңіл кутюр драпировкасына ұласып кетіп жатты. Осы бір тапқыр ойы арқылы Пиччоли жоғары сән өнерін қарапайым халыққа барынша жақын әрі ұғынықты етуді мақсат тұтқандай.

Дизайнердің өзі бұл жұмысында Баленсиаганың басты философиясына сүйенгенін жасырмайды. Ол қағида бойынша, нағыз кутюрье – ең алдымен форманың архитекторы, түстердің суретшісі, сондай-ақ адамның киім ішіндегі жан-күйін терең ұғатын философ болуы шарт.

Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga тарихындағы жаңа кутюр дәуірі
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight
10 фотоның / 1 фотосы Balenciaga | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight

Шоудың нағыз шарықтау шегі – көбіне көлеңкеде қалып қоятын ателье шеберлеріне көрсетілген ерекше құрмет болды. Көрсетілім қарсаңында Balenciaga өз әлеуметтік желілеріндегі жазбаларды париждік шеберлердің портреттерімен алмастырып, жұртты таңғалдырған еді. Ал дефиле соңында Пиччоли оларды өзімен бірге тікелей подиумға ертіп шықты. Бұл әрекетімен ол кутюрдің тек бір адамның қиялы емес, қажырлы ұжымдық еңбек екенін тағы да дәлелдеді. Өйткені мінсіз нәтиже креативті директордың идеясына ғана емес, сол идеяға жан бітіретін қолөнер шеберлерінің алтын қолдарына тікелей байланысты.