Style|Fashion

Авар Одианг «Жыл моделі» атанды

АвторыTatler Kazakhstan
05.11.2026
Авар Одианг Париждегі сән апталығы аясында 2026 жылғы 2 қазанда өткен Victoria Beckham көктем/жаз 2027 әйелдер топтамасының көрсетілімі кезінде подиумда жүріп келеді, Франция | Peter White / Getty Images
IMAGE Авар Одианг Париждегі сән апталығы аясында 2026 жылғы 2 қазанда өткен Victoria Beckham көктем/жаз 2027 әйелдер топтамасының көрсетілімі кезінде подиумда жүріп келеді, Франция | Peter White / Getty Images
Модель Матье Блазидің Chanel-дегі дебюттік көрсетілімін сәтті аяқтағаннан кейін Британ сән кеңесінің беделді марапатына ие болды

Британ сән кеңесі бұл марапатты модельге 30 қарашада өтетін Fashion Awards 2026 рәсімінде табыстамақ. Мұндай үлкен құрмет Авардың өткен жылдың қазан айында Chanel сән үйінің жаңа креативті директоры Матье Блазидің дебюттік көрсетілімінде жарқырай көрінуінің арқасында келіп отыр.

Индустрия бұл фешн-шоуды ерекше назармен әрі асыға күткен болатын. Авар Одианг көрсетілімді жабатын модель болды: ол подиумға түрлі-түсті қауырсындар төгілген көйлекпен шығып, модельдерге тән міз бақпас қатаңдықты бұзып, жымия күліп, қол шапалақтады. Бұл сәт желіде нағыз вирусқа айналып кеткені де рас.

«Көрсетілім алдында мен Матьемен сөйлескен едім. Ол маған: „Бұл сенің сәтің, сенде осы сәттен ләззат алып, өз ісіңді жасап, өзің болып қалуға мүмкіндік бар“, – деді. Мен дәл солай істедім»

- Авар Одианг -

Одианг Эфиопияда Оңтүстік Суданнан шыққан отбасында дүниеге келген. Кейінірек олар Канадаға көшіп, қыз сонда өсті. Оның мансабы кездейсоқ басталған: қыздың бойындағы әлеуетті модельдік агенттіктің иесі қыз Old Navy дүкенінде жұмыс істеп жүрген кезде байқап қалыпты. Содан бері Авар Bottega Veneta, Schiaparelli және Victoria’s Secret подиумдарына шығып, Saint Laurent және Alaïa жарнамалық науқандарына түсіп үлгерді.

Fashion Awards 2026 марапаты Авар Одиангті «Жыл моделі» атағын алған Белла Хадид сияқты басқа да жұлдыздармен бір қатарға қояды.