Style|Fashion

Анок Яй жаңа Balenciaga кампейнінде

АвторыTatler Kazakhstan
28.08.2026
Анок Яй | Instagram Balenciaga
IMAGE Анок Яй | Instagram Balenciaga
Пьерпаоло Пиччоли Balenciaga брендінің жаңа креативті директоры ретінде 2026 жылғы күзгі топтаманы дайындады. Жақында сән үйі осы топтаманың жарнамалық науқанын көпшілікке ұсынды

Түсірілімнің басты қаһарманы тегі оңтүстіксудандық америкалық модель Анок Яй болды, ал фотосуреттерді танымал француз фотографы Робин Гальег түсірген.

Анок Яй | Instagram Balenciaga
IMAGE Анок Яй | Instagram Balenciaga
Анок Яй | Instagram Balenciaga
IMAGE Анок Яй | Instagram Balenciaga

Топтама Clair-obscur деген атау алды, бұл француз тілінен аударғанда «жарық пен көлеңке» деген мағынаны білдіреді. Бұл идея жарнамалық науқанның негізіне айналды: фотосуреттер жарық пен көлеңке контрастына негізделген. Образдардың бір бөлігі қараңғылыққа сіңіп кететіндіктен, кадрлар дәстүрлі фэшн-жарнамадан гөрі көркем портреттерге көбірек ұқсайды.

Анок Яй | Instagram Balenciaga
IMAGE Анок Яй | Instagram Balenciaga

Анок Яй қазіргі сән әлемінде танымалдығы өте жоғары модельдердің бірі. Ол 3 жыл қатарынан түрлі кәсіби ұйымдардың ең басты модельдік атақтарын қанжығасына байлап келеді. Ол 2023 жылы «Жыл моделі» атанса, 2024 жылы «АҚШ топ-моделі» болды, ал 2025 жылы Британдық сән кеңесі оны тағы да «Жыл моделі» деп таныды.