Style|Fashion

Анна Винтурдың орнын кім басады?

Автор Егор Ходаков
27.06.2025
Getty Images
IMAGE Getty Images

Vogue-тағы Анна Винтурдың ықтимал ізбасарларын талқылаймыз

Vogue өзінің америкалық басылымға жаңа редакция басшысын (head of editorial content) іздестіре бастады. Бұл сән әлеміндегі бір дәуірдің аяқталғанының белгісі – дама Анна Винтур 37 жыл атқарған бас редакторлық қызметімен қош айтыспақ. Дегенмен, ол Condé Nast-тың бас контент-директоры және Vogue-тың жаһандық редакциялық директоры ретінде жұмысын жалғастырады. Тақтың жаңа иесі кім болатыны әзірге белгісіз. Ендеше, ең ықтимал үміткерлерге көз жүгіртейік.

Эдвард Эннинфул

Британдық Vogue-тың бас редакторлығынан және Condé Nast-тың еуропалық редакциялық директоры қызметінен жақында кеткен Эдвард Эннинфул сән әлеміне инклюзивтілік пен алуандылықты алып келуге зор үлес қосты. Қазір EE72 атты жеке медиажобасын іске қосуда.

Getty Images
IMAGE Getty Images

Чиома Ннади

2010 жылдан бері Vogue-та істейтін Чиома Ннади – Анна Винтурдың сенімді қызметкерлерінің бірі. Сондықтан оны ең қисынды ізбасар деуге толық негіз бар. Ол қазіргі таңда британдық Vogue басылымының редакция басшысы.

Getty Images
IMAGE Getty Images

Ева Чен

Instagram-ның сән директоры, бірнеше балалар кітабының авторы. Бұрын Lucky журналының бас редакторы және Teen Vogue-та сұлулық/денсаулық бағыттарының директоры болған.

Getty Images
IMAGE Getty Images

Эми Эстли

90-жылдары Vogue-қа сұлулық редакторы болып келген. Teen Vogue негізін қаласып, оның редакциялық директоры болған. Қазір Architectural Digest-тің жаһандық редакциялық директоры әрі бас редакторы.

Getty Images
IMAGE Getty Images

Хлоя Шама

Америкалық Vogue-тың аға редакторы. Бұрын Elle және The New Republic журналдарында істеген. Негізінен кино, музыка, әдебиет сияқты мәдениет тақырыптарына маманданған.

Getty Images
IMAGE Getty Images