Style|Fashion

«Алтын глобус – 2026» салтанатының ең жарқын 11 зергерлік үлгісі

Автор Tatler Kazakhstan
12.01.2026
Коннор Сторри 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Коннор Сторри 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
2026 жылдың 11 қаңтарында Калифорниядағы айбынды «Беверли-Хилтон» қонақүйі кино әлемінің ең айтулы оқиғаларының бірі – «Алтын глобус» сыйлығын табыстау кешіне куә болды. Біз қызыл кілем үстінде ажары ашылған жұлдыздардың тәніне нұр берген асыл бұйымдарды тағы бір мәрте тамсана көз алдымыздан өткіземіз

Бұл кеште көне дәуірдің қайталанбас жауһарларынан бастап соңғы үлгідегі жаңа топтамаларға дейінгі ең әсерлі зергерлік туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

«Сентиментальная ценность» фильміндегі Нора рөлін сомдаған Эль Фаннинг бұл кеш үшін гүлді өрнекпен көмкерілген Gucci көйлегі мен Cartier үйінің көздің жауын алатын гауһар алқасын таңдапты.

Эль Фаннинг 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімі кезіндегі WWD Eye қызыл кілемінде | Getty Images
IMAGE Эль Фаннинг 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімі кезіндегі WWD Eye қызыл кілемінде | Getty Images

Кеш жүргізушісі әрі атышулы «Жаркое соперничество» сериалының жарық жұлдызы Коннор Сторри өзінің Saint Laurent костюмін Tiffany & Co. брендінің талғампаз брошымен ажарландыра түсті.

Коннор Сторри 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Коннор Сторри 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images

«Песня звучит печально» фильміндегі рөлі үшін номинацияға ие болған Кейт Хадсон өзінің Armani Privé көйлегін Garatti әшекейлерімен үйлестіріп, бейнесін толықтырды.

Кейт Хадсон 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімі кезіндегі WWD Eye қызыл кілемінде | Getty Images
IMAGE Кейт Хадсон 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімі кезіндегі WWD Eye қызыл кілемінде | Getty Images

«Марти Великолепный» фильміндегі үздік ер адам рөлі үшін «Алтын глобус» иегері атанған Тимоти Шаламе салтанатты кешке қалыптасқан дәстүр бойынша Cartier бұйымдарын тағып келді.

Тимоти Шаламе 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Тимоти Шаламе 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images

Колман Доминго бұл жолы да зергерлік бұйым таңдаудағы шеберлігімен баршаны таңғалдырды. Актер қызыл кілемге Boucheron үйінің «гауһар шырмауығымен» көмкерілген қара түсті Valentino костюмімен шықты.

Колман Доминго 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Колман Доминго 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images

Аманда Сайфред «Завещание Анны Ли» фильміндегі үздік әйел рөлі үшін марапат алмағанымен, Tiffany & Co. брендінің әсерлі алқасының арқасында қызыл кілемдегі көптеген аруларды көлеңкеде қалдырып, жарық жұлдыздай жарқырады.

Аманда Сайфред 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Аманда Сайфред 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images

Чейз Инфинити өзінің Louis Vuitton ұсынған футуристік бейнесін De Beers әшекейлерімен – талғампаз сақиналармен, геометриялық пішіндегі білезікпен және салпыншақты сырғалармен шебер безендірген.

Чейз Инфинити 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Чейз Инфинити 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images

Кеш тізгінін ұстаған Blackpink тобының әншісі Лиса Bvlgari Eternal жоғары зергерлік өнер топтамасынан жарқыраған гауһар тастармен безендірілген бес қатарлы Vimini алқасымен жұртшылықты тәнті етті. Сондай-ақ ол өз бейнесін сары алтыннан соғылған, бес орамды Vimini сақинасымен толықтыруды жөн көрген. 

Лалиса Манобан 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Лалиса Манобан 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images

Эмили Блант өзінің Louis Vuitton көйлегіне Tiffany & Co. әшекейлерін қоса таңдады. Бұл жиынтықтың ішінде 1957 жылғы көне білезік ерекше назар аудартады.

Эмили Блант 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыidығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Эмили Блант 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыidығын тапсыру рәсімінде | Getty Images

Үнді актрисасы Приянка Чопра-Джонас қызыл кілемде Bvlgari брендінің салтанатты бұйымдары: гауһар мен сапфир орнатылған алқасы және көз тартарлық сақиналарының арқасында ерекше көзге түсті.

Приянка Чопра-Джонас 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Приянка Чопра-Джонас 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images

Селена Гомес «Убийства в одном здании» туындысындағы рөлі үшін комедиялық сериалдың үздік актрисасы ретінде номинацияға ие болды. Аңсаған мүсінше бұйырмаса да, ол Chanel бейнесі мен француз үйінің High Jewelry топтамасындағы гауһар сақиналары мен «отшашу» сырғаларының арқасында «Алтын глобустың» ең сәнді жұлдыздарының тізіміне лайықты түрде енді.

Селена Гомес 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images
IMAGE Селена Гомес 2026 жылдың 11 қаңтарында Беверли-Хиллз қаласында (Калифорния) өткен 83-ші жыл сайынғы «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру рәсімінде | Getty Images