Style|Fashion

Әйгілі стилисттер Миша мен Китти Алматыда өткен public talk шарасында сөз сөйледі

АвторыTatler Kazakhstan
20.04.2026
Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Фотосуретші: Тимур Эпов
Қазақстандағы «418» клубы VILED компаниясымен бірлесіп, жеке стильді қалыптастыруға арналған кездесу ұйымдастырды

Миша мен Китти (шын аттары Никита және Мария) – авангардтық сән мен винтаж бағытына маманданған танымал ресейлік шығармашылық дуэт, стилисттер әрі ерлі-зайыптылар. Қалың көпшілік оларды Маша Миногарова және Ксения Собчакпен бірлескен жұмыстары арқылы жақсы таниды.

Диана Азимова, Миша және Китти | Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Диана Азимова, Миша және Китти | Фотосуретші: Тимур Эпов
Александра Бекишева, Миша, Китти және Данара Усманова | Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Александра Бекишева, Миша, Китти және Данара Усманова | Фотосуретші: Тимур Эпов

Кездесудің басты тақырыбы «Заманауилық коды» деп аталып, онда қазіргі трендтер мен жеке стильді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Ал Saks Fifth Avenue дүкенінің коммерциялық директоры Данара Усманова мен Қазақстандағы «418» интеллектуалды клубының негізін қалаушы, Azimut Tehnika компаниясының директоры әрі тең құрылтайшысы Диана Азимова шараның модераторы қызметін атқарды.

Данара Усманова, Лариса Пай, Жанна Ревшанова, Разия Есенбаева және Зауре Розмат | Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Данара Усманова, Лариса Пай, Жанна Ревшанова, Разия Есенбаева және Зауре Розмат | Фотосуретші: Тимур Эпов

Пікірталас өте қызу әрі мазмұнды өтті: қатысушылар негізгі трендтерді, шынайылықты іздеу жолдарын және қазіргі сән әлеміндегі жеке стильдің рөлін талқыға салды. Сондай-ақ олар дизайнерлердің бір брендтен екіншісіне жиі ауысуын да назардан тыс қалдырмады. Әсіресе, брендтің ДНҚ-сы мен дизайнердің ДНҚ-сы бір-бірімен қалай қабысатыны және түптеп келгенде кімнің ұтыста қалатыны кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, назар аударуға тұрарлық жаңа маркалар, маманмен жұмысты неден бастау керектігі және «өз» стилистіңді қалай табуға болатыны жайында айтылды.

Кеш соңы интерактивті тәжірибеге ұласты: көмекшілер ортаға Saks Fifth Avenue жаңалықтары ілінген жылжымалы ілгішті алып шықты. Ал Миша мен Китти көпшіліктің көз алдында бірнеше заманауи киім үлгісін құрастырып, киім үйлестірудегі өз шеберліктерін іс жүзінде көрсетті.