Tatler Asia's Most Stylish алғашқы тізімінің қатысушысы, суретші әрі Insider агенттігінің креативті директоры Мика Барни киімге деген еркін көзқарасы, сыртқы келбетпен ойнауы және ережесіз жеке стилі туралы
Мика Барни – суретші және Insider агенттігінің креативті директоры. Ол Coca-Cola-дан Dior-ға дейінгі көптеген брендтерге күрделі әрі фантастикалық декорациялар жасаған. Ал сәуір айында Мика Tatler-ге арнап бірегей, және, әрине, қызғылт түсті сандық жасады. Бұл туынды кейін аукционда табысты сатылған болатын.

«Мен киімге жеңіл қараймын, оны мәңгілік нәрсе деп есептемеймін. Шашым қазір қызғылт болғанымен, ол көк те, күлгін де, қысқа да, ұзын да болып өзгеріп көрген. Мен пирсингті салып, алып тастап, қайта-қайта жасай беремін. Макияжда да солай. Сырт келбетімді түрлендіруді ұнатамын, жарқын түстерден немесе оғаш үйлесімдерден қорықпаймын. Жалпы, менің киім киісім көңіл-күйіме және өмір ырғағыма тікелей байланысты: егер сәнденіп киінгім келсе, себебіне қарамастан киінемін. Меніңше, тым қарапайым киінгеннен гөрі, сәл overdressed (асыра киінген) дұрысырақ. Менің образымның бір месседжі бар – ол өзіңе ирониямен қарай білу. Шын мәнінде, nobody really cares (ешкімге ешқандай қатысы жоқ). Егер шашымды жасыл түске бояғым келсе немесе күлкілі татуировка салғым келсе, мен оны жай ғана жасап тастаймын да, еш өкінбеймін.»

