Style|Fashion

Диана Тілеулиева: «Сұлулық нәзік те, қуатты да қатар бола алады»

Автор Анара Кукиева
13.11.2025
Диана Тілеулиева: «Сұлулық нәзік те, қуатты да қатар бола алады»

Tatler Asia's Most Stylish журналының Қазақстандағы алғашқы тізіміне енген Elements концептуалды дүкенінің негізін қалаушысы Диана Тілеулиева өзінің бірегей стилінің қалай қалыптасқаны туралы әңгімелеп берді

Диана Тілеулиева – Elements концептуалды дүкенінің негізін қалаушысы. Ол қазақстандықтарды дат дизайнымен және оның айтулы өкілдерімен алғаш таныстырған тұлға. Алматы мен Астананың тұрғындары үшін Elements жай ғана сауда орны емес, ол – рухани тыныс пен жоғары талғам тоғысқан ерекше мекен. Ал интерьер дизайнерлері үшін бұл – өз клиенттеріне ең үздік дүниелерді іздейтін нағыз ордаға айналды. Диана Tatler-ге киім мен аксессуарлардың оның мінезі мен көңіл-күйін қалай көрсететіні туралы айтып берді:

Костюм, туфли, ит пішінді сөмкелер – Thom Browne; сақиналар – Chrome Hearts | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Костюм, туфли, ит пішінді сөмкелер – Thom Browne; сақиналар – Chrome Hearts | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
Костюм, туфли, ит пішінді сөмкелер – Thom Browne; сақиналар – Chrome Hearts | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Костюм, туфли, ит пішінді сөмкелер – Thom Browne; сақиналар – Chrome Hearts | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya

«Мен өзімді «стильдегі тәжірибешіл» деп атаймын. Маған бір-біріне қарама-қайшы бағыттар жақын: жібек көйлектің нәзіктігінен бастап, қатқыл былғарының қайсарлығына дейін. Бірақ мен әрдайым осы екі бағыттың арасынан түс, текстура және аксессуарлар арқылы үйлесім табуға тырысамын. Менің киім киісім – ішкі болмысымды көрсетеді. Стилім ешкімнің ақылынсыз, ешбір сән жұлдызына еліктеусіз, тек өз түйсігіме сүйеніп қалыптасты. Тек Александр Маккуинді ғана бөлек атап өте аламын. Оның жұмыстарында күш, драма және поэзия бар. Бұл – менің жаныма ең жақын үйлесім. Мүмкін, мен сұлулықтың бір мезгілде нәзік те, қуатты да бола алатынын сол арқылы түсінген шығармын».

Жакет – R13; сақиналар – Chrome Hearts | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Жакет – R13; сақиналар – Chrome Hearts | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya