Style|Fashion

Алмаз Мержақыпов: «Мен үшін киім – еркіндігімді қайтарудың жолы»

Автор Анара Кукиева
13.11.2025
Жейде – Shetel; винтажды шалбар; кроссовка – A$AP Rocky x Puma; моншақ – Meraly | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Жейде – Shetel; винтажды шалбар; кроссовка – A$AP Rocky x Puma; моншақ – Meraly | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya

Tatler Asia's Most Stylish журналының Қазақстандағы алғашқы тізіміне енген Алмаз Мержақыпов – ерекшеленуге деген ішкі құштарлығы, Азияның оған қалай әсер еткені және сәннен гөрі киімді неге жоғары қоятыны туралы ой бөлісті

Алмаз Мержақыпов – қазақстандық танымал актер, модель әрі шоумен. Ол «Shulamah» фильміне түсіп, Dudeontheguitar мен Ayau-дың бейнебаяндарына қатысқан. Актерлік және модельдік мансабынан бөлек, ол инфлюенсер ретінде де белсенді жұмыс істеп келе жатыр – оның қысқа видеоларын көрген боларсыз. Тіпті, режиссер Айтөре Жолдасқалидың жаңа «Toxic» сериалында да ол дәл осы суперқаһарман блогердің рөлін сомдайды.

Жейде – Shetel; винтажды шалбар; кроссовка – A$AP Rocky x Puma; моншақ – Meraly | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Жейде – Shetel; винтажды шалбар; кроссовка – A$AP Rocky x Puma; моншақ – Meraly | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya

Алмаз үшін стиль – жай ғана әдемі қаптама емес. Ол мұны өткеннің жарасын жазудың және өмірге жеңіл қарауды үйренудің бір жолы деп біледі:

«Шынымды айтсам, мен сәнді емес, киімді жақсы көремін. Сән – тым ауқымды, тым философиялық дүние, ал киім – адамға жақынырақ, түсініктірек, шынайырақ. Мен интернатта оқыдым, ол жерде ерекшеленуге қатаң тыйым салынған. Көптің бірі болмауға тырыссаң, көпшіліктің алдында ұятқа қалдырып, намысыңа тиетін. Бұл маған өте ауыр тиді. Менің көзге түсуге деген құштарлығым сол кезден пайда болса керек. Мен үшін ерекшелену – сол кезде менен тартып алынған еркіндікті қайтарудың бір жолы. Маған Азия елдері қатты әсер етті. Әсіресе Шанхай, Сеул, Бангкок, Токио көшелеріндегі адамдардың бір-біріне ұқсамауға деген батылдығы, әрқайсысының жеке болмысының айқын көрініп тұратыны мені таңғалдырды. Оларда бірсарындылық жоқ, оғаш болып көрінуден қорқу деген атымен жоқ. Егер киім киісім арқылы бір ой айтқым келсе, онда мен «Өмірге тым байыппен қарама, жеңіл бол, өз болмысыңды жасырудан қорықпа!» дегім келеді.»

Винтажды лонгслив; джинсы – Adidas; көзілдірік – Blue Elephant; моншақ – Meraly | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Винтажды лонгслив; джинсы – Adidas; көзілдірік – Blue Elephant; моншақ – Meraly | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya