Style|Fashion

Диляра Қожасбаева: «Мен өмірде де, киімде де шектеулерді ұнатпаймын»

Автор Анара Кукиева
13.11.2025
Dior бермудысы мен кеудетартпалы жакеті; The Row туфлиі; Maison Margiela шұлығы; Chanel винтажды клипсалары | Фотосуертші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Dior бермудысы мен кеудетартпалы жакеті; The Row туфлиі; Maison Margiela шұлығы; Chanel винтажды клипсалары | Фотосуертші: Мария Slozhnomarya

Tatler Asia's Most Stylish журналының Қазақстандағы алғашқы тізіміне енген, 1st__aid.showroom-ының иесі Диляра Қожасбаева киіммен және сәнмен шексіз ойнау туралы

Диляра Қожасбаева (Диля Саду) – Жапония мен Кореяның азиялық дизайнерлерінің басын қосқан 1st_aid.showroom-ының негізін қалаушысы әрі байері. Ол Пекин университетінде экономика және бизнес-басқару мамандығын оқып, Италия мен Дубайда тәжірибе жинақтағаннан кейін, Азия брендтерін ілгерілету арқылы өз елінің сән индустриясын дамытуды жөн көрген. Диляра Tatler-ге киімдегі ережелерден бас тарту оның мінезі мен эмоциясын қалай ашатыны туралы айтып берді:

Dior тоқыма шортысы; Miu Miu олимпийкасы; Jean Paul Gaultier етігі; Chanel сөмкесі; Tom Ford көзілдірігі | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Dior тоқыма шортысы; Miu Miu олимпийкасы; Jean Paul Gaultier етігі; Chanel сөмкесі; Tom Ford көзілдірігі | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
Dior тоқыма шортысы; Miu Miu олимпийкасы; Jean Paul Gaultier етігі; Chanel сөмкесі; Tom Ford көзілдірігі | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Dior тоқыма шортысы; Miu Miu олимпийкасы; Jean Paul Gaultier етігі; Chanel сөмкесі; Tom Ford көзілдірігі | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya

«Менің нақты қалыптасқан стилім жоқ. Мүмкін, менің стилім – дәл осы шығар, яғни кез келген киімді кие білу. Бір образда зебраны, леопардты және питонды үйлестіру мен үшін түк те қиын емес. Менің үстімде олардың өте үйлесімді көрінетініне сенімдімін. Мен өмірде де, киімде де шектеулерді ұнатпаймын. Батыл болғым келген кезде – тартымды әрі ашық киім киемін. Ал жұмбақ болғым келсе, керісінше, жабық, қарапайым киімді таңдаймын. Мен трендтердің соңынан қумаймын. Бірақ болашақта қазіргідей бірсарынды, іш пыстыратын образдар азайса екен деймін. Мына «таза сызықтар» мен «үнсіз салтанат» дегендер әбден мезі етіп жіберді. Адамдарға көбірек өмір, эмоция, көпқырлылық қажет деп ойлаймын. Киім мейлі «тым артық» болсын, мейлі экстравагантты болсын, мен үшін бәрібір. Ең бастысы – ол «тірі» көрінсе болды!»

Dior бермудысы; The Row туфлиі; Maison Margiela шұлығы | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Dior бермудысы; The Row туфлиі; Maison Margiela шұлығы | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya