Style|Fashion

Чихун Джонг: «Ерекшелік пен батылдық – өмір мен сәнге шынайы мән беретін қасиеттер

Автор Анара Кукиева
13.11.2025
Джинсы, жилет, белдемше, парка, панама мен сөмке – Fuzzz брендінен | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Джинсы, жилет, белдемше, парка, панама мен сөмке – Fuzzz брендінен | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya

Суретші, дизайнер әрі ресторатор – сәннің шығармашылықпен қалай астасатынын, неліктен үнемі қара түсті таңдайтынын және «өзі болу» философиясы туралы ой бөлісті

Fuzzz брендінің негізін қалаушы, ресторатор әрі дизайнер Чихун Джонг – Сеул маңындағы шағын қалашықтың тумасы. Ол Алматыда алты жыл ішінде Chicken Star кафесі мен Flask speciality-кофеханасын ашып үлгерді. Суретші әрі коллекционер ретінде Джонг гастрономия мен өнерді ұштастырып, өз жобаларын шығармашылық тәжірибе алаңына айналдырған. Tatler Asia's Most Stylish журналының Қазақстандағы алғашқы тізімінің қатысушысы сол шығармашылықтың киім арқылы қалай көрініс табатыны жайлы ой бөлісті:

Джинсы, жилет, белдемше, парка, панама мен сөмке – Fuzzz | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Джинсы, жилет, белдемше, парка, панама мен сөмке – Fuzzz | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
Джинсы, жилет, белдемше, парка, панама мен сөмке – Fuzzz | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Джинсы, жилет, белдемше, парка, панама мен сөмке – Fuzzz | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya

«Өмірдегі ең үлкен ләззаттардың бірі – өзің болудың қуанышы. Бұл сезім менің киетін киіміме де көшеді. Ол біреуге ерекше немесе оғаш көрінуі мүмкін, бірақ бұл – менің ішкі сезімім мен бірегейлігімді жеткізетін пішін. Мен әрдайым ерекше, ешкімге ұқсамайтын дүниені іздедім. Жас кезімде жапон сәнін – Kapital, оrSlow, Junya Watanabe брендтерін жақсы көрдім. Қазір, Fuzzz брендін құрғаннан кейін, үнемі қара түсті киетін болдым. Бұл өте ыңғайлы, артық нәрсеге алаңдатпай, бар назарды детальдарға шоғырландырады. Бұл түсірілім үшін мен екі образ таңдадым. Бірі – қарапайым, көк флискасы бар қара киім. Бұл менің күнделікті киім үлгім. Онымен тауға да шығуға, кешке барға да баруға болады. Екіншісі – керісінше, айқын образ. Абстрактілі картина іспетті әртүрлі матадан тігілген парка және шар-белдемше. Мен мұны Париж Сән апталығында кидім – сол кезде жұрттың тамсанған көзқарасын сезіндім. Ерекшелік пен батылдық – міне, өмір мен сәнге шынайы мән беретін қасиеттер».

Бомбер, шалбар, водолазка, кепка – Fuzzz | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Бомбер, шалбар, водолазка, кепка – Fuzzz | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
Бомбер, шалбар, водолазка, кепка – Fuzzz | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Бомбер, шалбар, водолазка, кепка – Fuzzz | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya