Style|Beauty

Жұлдыздар құрған 10 табысты бьюти-бренд

Автор Ками Ахмед
04.12.2024
Instagram @fentybeauty
IMAGE Instagram @fentybeauty

Эмоционалды глэм, БДСМ: ең жарқын жұлдызды бьюти-брендтер

Сұлулық индустриясы баяғыдан-ақ тым қатты молыққандай болып көрінеді: мұнда кез келген талғамға және бюджетке лайық өнімдер бар. Алайда бұл ойынға ай сайын жаңа ойыншылар кеп қосылып жатады, әсіресе, даңқын табысты бизнеске айналдыруды көздеген, атақты адамдар. Бірі вегандық, унисекс лак ұсынып, екіншісі ерін жылтырағы бар телефон қабын жасаса, басқасы әмбебаптық пен стильге баса назар аударады. Алайда бәріне бірдей табыс бұйыра бермейді: пайдасы не құндылығы жоқ өнімді жасаушысының танымалдығы да құтқара алмайды. Осы салада жетістікке жеткен жұлдыздардың тізімін жасадық. Құпиясы қарапайым: хайп пен вирустық қасиетке ие болған, әрине, жақсы нәрсе, алайда шынымен де пайдалы өнімге ештеңе жетпейді.

 

 

Fenty Beauty

Instagram @fentybeauty
IMAGE Instagram @fentybeauty

Тыңдармандары жаңа альбом аңсаған сегіз жыл ішінде Рианна бизнес әлемін бағындырып үлгерді: Puma коллаборациялары, іш киім коллекциясы және косметика бренді. Fenty Beauty брендінің ерекшелігі — инклюзивтілік. 2017 жылы бренд іске қосылған кезде сұлулық индустриясында әр түрлі тері типтеріне арналған реңктер аз еді. Рианна бұл жағдайды түбегейлі өзгертті: аппақтан қоңырқай түстерге дейін қамтитын, 50 реңкті тоналды крем шығарды. Бұл жаңалық индустрия ережелерін өзгертті, басқа брендтер де осы бағытты ұстана бастады. Кейінірек Рианна бет пен дене күтіміне арналған өнімдерді және, 2024 жылы, шаш күтіміне арналған коллекция шығарды.

 

 

Pat McGrath Labs

selfridges.com
IMAGE selfridges.com

Пэт Макграт — сұлулық индустриясының шынайы иконасы. Визажистер оған еліктеуге тырысады, клиенттері — A санаты жұлдыздары, ал брендтер оны сән апталықтарында бірге жұмыс істеуге шақырады. 2015 жылы Пэт өзінің Pat McGrath Labs косметика брендін іске қосты. Күрделі макияжға арналған жинақтар брендтің ерекшелігіне айналды. Тіпті алтын түсті көз бояуы мен ерінге жапсыруға арналған лағыл страз да лезде сатылып кетті. Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Пэттің индустрияға қосқан үлесін жоғары бағалап, оған Британ империясы орденінің командор-дамасы атағын берген болатын.

 

 

Florence by Mills

florencebymillsbeauty.com
IMAGE florencebymillsbeauty.com

Florence by Mills косметика коллекциясы «Stranger Things» атты Netflix сериалындағы рөлімен танымал Милли Бобби Браунға тиесілі. Басқа да жасөспірімдер сияқты Милли безеу, терінің майлануы және сапасыз косметика қолдану сияқты мәселелерге тап болған-ды. Нәтижесінде ең үздік, жастарға арналған бьюти-брендтердің бірі пайда болды. Айта кететін жайт — сатылымнан түскен пайданың бөлігі балалардың қатерлі ісікке шалдығуын зерттейтін Оливия Хоуп қорына аударылып отырады.

 

 

Rhode

Instagram @rhode
IMAGE Instagram @rhode

Хейли Бибер өзінің брендін іске қоспастан бұрын да сәнқойлар арасында танымал еді. Оның Rhode атты бренді инфлюенс-маркетингтің, дизайнның және вирустық сипатқа ие контентің сәтті үйлесімінің мысалына айналды. Брендтің бекте ұстар өнімі — пептидті тинт пен оны алып жүретін, арнайы телефон қабы. Сонымен қатар Rhode Хейлидің жарқын макияжын қайталауға мүмкіндік беретін, glazed skin жазумен белгіленген күтім косметикасы коллекциясын ұсынады.

JLo Beauty

jlobeauty.com
IMAGE jlobeauty.com

Джей Ло — сұлулық индустриясының белсенді ойыншысы: ол өзінің алғашқы қадамдарын парфюмерия саласында жасап, бірнеше табысты хош иісті іске қосқан болатын. Оның жаңа JLo Beauty атты бренді күтім косметикасына баса назар аударып, жанкүйерлерді сұлулыққа деген кешенді көзқарасымен тартады. Бренд философиясы «Бес S» қағидасына негізделген: sleep (ұйқы), sunscreen (күннен қорғайтын крем), serum (сыворотка), supplements (пайдалы қоспалар) және sano (салауатты өмір салты). Бұл жан-жақты көзқарас Дженнифердің жеке сұлулық концепциясын айқындайды. Брендтің басты өнімі — теріні лезде ылғалдандырып, табиғи түрде жарқырауына себеп болатын That JLo Glow сывороткасы. Өнім тез арада бестселлерге айналып, «жарқыраған Джей Ло» құпиясының сырын ашатын, ерекше туындыға айналды.

Half Magic

halfmagicbeauty.com
IMAGE halfmagicbeauty.com

2019 жылы жарық көрген «Эйфория» сериалы бәрінің көңілінен шыққан жоба болумен қатар нағыз визуалды феноменге айналды. Дониэлла Дэви жасаған макияж — шоудың тағы бір жұлдызы. «Эмоционалды глэм» деп аталатын стиль көрермендердің көзінің жауын алып, Дониелланы бьюти-икона беделіне көтерді. Визажист пен оның командасы бұл жұмысы үшін «Эмми» сыйлығына да ие болды.

Табысын одан әрі арттыру мақсатында Дониэлла Face Lace брендімен бірігіп, шоу кейіпкерлерінің бірі Джулстың стиліндегі голографиялық бет жапсырмаларын жасап шығарды. Кейінірек ол өзінің Half Magic брендін құрып, сұйық көз бояуларын, жарқын түсті сүрме түрлерін және страз — «Эйфория» кейіпкерлеріне тән макияж өнімдерін шығара бастады. Мұның бәрін A24 студиясы — трендтерді стильді бизнеске айналдыру шеберлері жүзеге асырды.

Rare Beauty

Instagram @rarebeauty
IMAGE Instagram @rarebeauty

Селена Гомес — миллиондаған жанкүйері бар, кез келген нәрсемен айналыса алатын жұлдыз. Жаңа жобаларының арасынан көзге Rare Beauty косметика коллекциясы түседі. Rare Beauty слоганы Селена насихаттайтын «әр адам өзінше сұлу» идеясын одан әрі күшейте түседі — «Өз сұлулығыңды айқында» — яғни макияж даралықты жасырмай, оны керісінше айқындай түсуі керек. Сонымен қатар Rare Beauty инклюзивтілік және Clean Beauty қағидаларын ұстанады — бренд өнімдерінің құрамы таза болуын қамтамасыз етіп, жануарларға сынақ жасаудан бас тартады. Көзге түсетін тағы бір нәрсе — брендтің әлеуметтік миссиясы: сатылымның түскен жалпы пайданың 1%-ы психикалық денсаулық саласындағы бастамаларға қолдау көрсететін Rare Impact Fund қорына бөлінеді.

Isamaya

isamaya.com
IMAGE isamaya.com

Британдық визажист әрі эпатаж шебері Исамайя Френч өзінің макияжға деген батыл әрі креативті көзқарасымен сұлулық индустриясын аң-таң қалдырды. Әртістің туындылары сән журналдары мен әйгілі брендтердің, жұлдыздардың назарына түсіп, шын мәнінде ауқымды коллаборация портфолиосын жасауға мүмкіндік берді.

2022 жылы әртіс адамды бір жағынан шошытып, бір жағынан таңқалдыратын, жеке Isamaya брендін іске қосты. Оның алғашқы коллекциясы — The Industrial  БДСМ эстетикасынан шабыт ала отырып жасалса, Wild Star коллекциясы кристаллдармен безендірілген алтын қаптамалар мен жылқы мүсіндерімен тартады. Нағыз хит болған өнім — әрі елді арандататын, әрі шедевр деп айтуға жарайтын, ер адамның жыныс мүшесі пішініндегі ерін далаптары. Шын мәнінде бестселлер!

Goop

goop.com
IMAGE goop.com

Танымал адамдардың брендтері туралы әңгімелеп, Гвинет Пэлтроудың Goop атты брендін атамай кетуге болмайды. Goop beauty санатынан гөрі wellness-ке көбірек келеді. Бренд секс гаджеттерін, май шам және салауатты өмір салты өнімдерін ұсынады, жақында ассортиментінде сәндік косметика да пайда болды. Косметика коллекциясының алғашқы өнімі болып бетке және ерінге арналған, реңк беретін әрі ылғалдандыратын, бес түрлі түсі қолжетімді бальзам шықты. Қазір Goop платформасында Goop Beauty бөлімі, сондай-ақ No-Makeup Makeup Routine атты жинақ бар.

Kylie Cosmetics

Instagram @kyliecosmetics
IMAGE Instagram @kyliecosmetics

Kylie Cosmetics — Кардашьян-Дженнер әулетінің ең кенже бизнесвумені — Кайли Дженнердің бренді. 2015 жылы іске қосылған бренд индустрия есігін теуіп кіріп, алғашқы партияларын бірден сатып жіберді. Жылтылдақ не күңгірт қарындаш пен далаптан тұратын жинақтар хит болды. Мұның себебі Instagram-да жатыр: Кайли әлеуметтік желіге шығып, «ерін макияжының күшін» айқындаған болатын. Осылайша Кайли бьюти индустриясында жаңа тренд құрумен қатар әлеуметтік желідегі беделді табысты бизнеске айналдыруға болатындығын дәлелдеді.