Style|Beauty

Зәйтүн, қара сабын және Марокко мәдениеті: La Sultane de Saba брендімен монша демалысын ұйымдастырыңыз

Автор Tatler Kazakhstan
20.01.2025
Фотограф: Аружан Жанова
IMAGE Фотограф: Аружан Жанова

Хаммамға дайындалып, La Sultane de Saba бренді жайлы оқи отырыңыз.

Қыста тері күтіміне ерекше назар аудару қажет. Аяздың әсерінен тері құрғап, тітіркенуі мүмкін. Бұл мәселелерден арылуға көмектесетін La Sultane de Saba бренді мен оның өнімдері жайлы айтып беруді жөн деп шештік.

«Мен брендтің сезімталдық пен еркіндік ұғымдарын үйлестіргенін қаладым», – дейді оның негізін қалаған Ванесса Ситбон. Жасампаздыққа жетелеген шабыт көзі өз отбасының мәдениеті мен салт-дәстүрі болса керек. Себебі бала кезінде анасы Ванессаны туған шаһары Фестегі хаммамға жиі алып баратын. Әр барған сайын сұлулық құпияларымен бөлісетін. Осы ерекше естеліктердің құрметіне 1998 жылы Ванесса La Sultane de Saba косметикалық брендін құрды. Француз тілінен аударғанда бренд атауы даналық пен сұлулық символы болған Саба патшайымды (ред. кей деректерде Балкис не Шеба деп аталады) меңзейді.

Брендтің басты идеясы – шығыс мәдениеті мен хаммам дәстүрінің сиқыры. La Sultane de Saba ресми сайтында олардың косметологтары хаммам ритуалдарына арнайы оқытылғаны және өз жұмысында ерекше әдістер қолданатыны көрсетілген. Тіпті брендте осыған арналған Rituals of Hammam («Хаммам ритуалдары») атты жеке желі бар.

Түрік моншасына бару денсаулыққа оң әсер етеді: иммунитетті нығайтып, эмоциялық күйзелісті басады, бұлшық ет шаршауын жеңілдетіп, денені жасартады. Бұл әсерді арттыруға La Sultane de Saba өнімдері көмектеседі. Қыс мезгілінде теріні нәрлендіруге және хаммам рәсіміне арналған бес арнайы өнімді таңдадық. Өнімнің қаптамасында жазылғандай: «Ләззат әлеміне саяхат» жасау үшін қаланың қарбаласымен қош айтысып, La Sultane de Saba брендімен хаммамға барыңыз.

La Sultane de Saba өнімдерін Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Keeplooking distribution компаниясынан сатып алуға болады.

Бетке, денеге және шашқа арналған рассул негізіндегі La Sultane de Saba балшық маскасы

Рассул – шашқа, бетке және денеге арналған әмбебап сабындалатын балшық. Бұл маска дезинфекциялау қасиетіне ие: беттегі тері тесіктерін тарылтып, қабынуды басады. Сонымен қатар коллагеннің түзілуін ынталандырып, әжімдерді тегістейді. Денеге арналған маска ретінде созылу белгілері мен тыртықтарды жоюға көмектеседі. Балшық тері жасушаларынан токсиндерді шығарып, шашты сау әрі жылтыр етеді. Маскадан аңқыған раушан мен қазтамақ гүлінің хош иісі көңіл күйді сергіте түседі. Балшық негізіндегі масканы қолданғанда қаптамадағы нұсқаулық ережелерін қатаң сақтау керек. Аптасына екі реттен артық қолдануға болмайды.

Денеге және шашқа арналған La Sultane de Saba Лукум карите майы

Терінің созылуымен күресер тағы бір тиімді құрал – карите майы. Бұл май рассул маскасынан кейінгі әсерді арттыра түсу үшін қолданылады. Ол теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады және тітіркендірмейді. Майды қолданар алдында алақанға жылытып, сұйық күйге келтіріп алған жөн. Өнім «Лукум» деп аталады, себебі сыртқы түрі шығыс тәттісіне ұқсас. Нәзік хош иісі жаңғақ ноталарын еске түсіреді.

Зәйтүн, қара сабын және Марокко мәдениеті: La Sultane de Saba брендімен монша демалысын ұйымдастырыңыз

Арган майы мен эвкалипт қосылған бет пен денеге арналған La Sultane de Saba қара сабыны

Бұл сабын терінің барлық түріне жарамды және күнделікті қолдануға болады. Оның құрамында дәрумендер мен қышқылдарға бай марокколық ұнтақталған зәйтүн мен арган майы бар. Эвкалипт сабынға салқын әсер сыйлайтын жалбыздай хош иіс сыйлайды.

Зәйтүн, қара сабын және Марокко мәдениеті: La Sultane de Saba брендімен монша демалысын ұйымдастырыңыз

La Sultane de Saba-ның кесса пилинг қолғапшасы

Кесса – Мароккодан шыққан моншаға арналған пилинг қолғапшасы. Ол теріні тітіркендірмейді. Дұрыс қолдансаңыз, жасуша регенерациясын ынталандырады. Кессаны арган майы мен эвкалипт қосылған La Sultane de Saba қара сабынымен бірге қолдану ұсынылады.

Зәйтүн, қара сабын және Марокко мәдениеті: La Sultane de Saba брендімен монша демалысын ұйымдастырыңыз

Амбра, Ваниль және Пачули қосылған денеге арналған La Sultane de Saba лосьоны

Бұл лосьон парфюмнің орнын баса алады. Оның айқын хош иісі бар. Амбра, ваниль және пачулидің үйлесімі шығыс мәдениетінің мотивтерін жеткізеді. Құрамындағы табиғи майлар теріні нәрлендіріп, жасушаларды пайдалы элементтермен байытады. Ең жақсы әсерге қол жеткізу үшін лосьонды La Sultane de Saba Лукум карите майымен бірге қолданған жөн.

Зәйтүн, қара сабын және Марокко мәдениеті: La Sultane de Saba брендімен монша демалысын ұйымдастырыңыз