Style|Beauty

Өзіңізді қамқорлыққа бөлейтін сәт: сізге қажеті – Zielinski & Rozen-нің жаңа тыныштандырғыш кремі

Автор Tatler Kazakhstan
19.02.2025
Фотограф: Мария Груздева
IMAGE Фотограф: Мария Груздева

Қос қолыңыз қара күш пен жасампаздықтың құралы болғалы қашан. Дегенмен оған да күтім қажет. Ондайда Zielinski & Rozen-нің жаңа тыныштандыратын кремі таптырмас дауа дерсіз.

Әр күнін тас өңдеумен өткізетін мүсінші, қолы үнемі бояуға малынып жүретін суретші және балшықпен жұмыс істейтін керамистің ортақ мәселесі қандай? Дұрыс таптыңыз – құрғақ тері осы мамандықтың басты «дерті» болуы мүмкін. Бұл қиындық тек шығармашылық адамдарына ғана емес, баршамызға таныс десек, артық айтпаспыз. Кеңседегі құрғақ ауа, қолды жиі жуу, тұрмыстық химия – мұның бәрі күн сайын қол терісіне кері әсер етеді.

Zielinski & Rozen бұл мәселені шешіп, өз ісіне шын берілген жандарға арналған тыныштандыратын крем әзірледі. Оның құрамына пайдасы дәлелденген және әсері аса тиімді пантенол, алоэ вера, зәйтүн, ши және жожоба майлары секілді ылғалдандырғыштар кіреді. Айтпақшы, біздің редакция да бұл өнімді сынап көрді: крем қолыңызға бірден сіңіп, теріңізді нәзік етіп, ылғалдандырады. Жабысқақ сияқты әсерден ада, тек жұмсақ әрі нәрлі күтім. 

Кирилл Бобыле | Фотограф: Мария Груздева
IMAGE Кирилл Бобыле | Фотограф: Мария Груздева
Өзіңізді қамқорлыққа бөлейтін сәт: сізге қажеті – Zielinski & Rozen-нің жаңа тыныштандырғыш кремі
Полина Майер | Фотограф: Мария Груздева
IMAGE Полина Майер | Фотограф: Мария Груздева
Өзіңізді қамқорлыққа бөлейтін сәт: сізге қажеті – Zielinski & Rozen-нің жаңа тыныштандырғыш кремі

Фотограф Мария Груздева шеберханаларда өнер адамдарының портреттер сериясын түсірді. Кадрлардан мүсінші Кирилл Бобылев, суретші Полина Майер, керамистер Мария Колосовская мен Аркадий Петров бейнесін көруге болады. Бірақ басты назарда олардың қолы. Бұл қолдар нағыз өнер туындыларын өмірге әкелетін «құрал» екені хақ. Сондай-ақ олар ерекше күтімге де әбден лайық. Фотолардан кремнің шығармашылық процестің ажырамас бөлігіне айналғанын аңғаруға болады.

Алоэ, пантенол және жалбыз сығындысымен байытылған Zielinski & Rozen тыныштандыратын кремі – айналамыздағы сұлулықты жасайтын жандарға арналған күтім құралы.

Мария Колосовская | Фотограф: Мария Груздева
IMAGE Мария Колосовская | Фотограф: Мария Груздева
Өзіңізді қамқорлыққа бөлейтін сәт: сізге қажеті – Zielinski & Rozen-нің жаңа тыныштандырғыш кремі
Аркадий Петров | Фотограф: Мария Груздева
IMAGE Аркадий Петров | Фотограф: Мария Груздева
Өзіңізді қамқорлыққа бөлейтін сәт: сізге қажеті – Zielinski & Rozen-нің жаңа тыныштандырғыш кремі

Жаңа Zielinski & Rozen тыныштандыратын кремі сізді «Золотое Яблоко» дүкендер желісінде, сондай-ақ Goldapple.kz қосымшасы мен сайтында күтеді.