Бұл коллаборация – Эйлин мен Giorgio Armani сән үйі арасындағы ұзақ жылдық достықтың заңды жалғасы. Спортшының айтуынша, ол брендтің философиясына баяғыдан тәнті. Әсіресе сән үйінің талғампаздықты, табиғи сұлулық пен адамның даралығын бір-бірімен тамаша үйлестіре білетіні оған қатты ұнайды.
Енді жаһандық амбассадор ретінде Эйлин Гу Кейт Бланшетт, Сидни Суини және Кендалл Дженнер сияқты әлемге әйгілі жұлдыздардың қатарын толықтырады. Giorgio Armani Beauty брендінің бұл таңдауы тегін емес: себебі сән үйі қашанда өз жетістігі, өзіне деген сенімділігі, қайтпас мінезі және мінсіз стилі арқылы жаңа буынға шабыт беретін қыздармен жұмыс істеуді жөн көреді.
Айта кетейік, Эйлин Гу 2003 жылдың 3 қыркүйегінде АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында дүниеге келген. Анасы – қытай, әкесі – америкалық. Ол 2026 жылы Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында бір алтын және екі күміс медаль қанжығалап, фристайл тарихындағы алғашқы үш дүркін Олимпиада чемпионы атанған болатын.
