Жобаны франциялық Remembers анимациялық студиясы жүзеге асырды. Режиссерлік тізгінді студияның негізін қалаушылардың бірі Уго Бьенвеню өз қолына алған. Оның айтуынша, аниматорлар командасына визуалды стильді жасауда толық шығармашылық еркіндік беріліпті.
Авторлар бейнебаянның пейзажына айрықша мән берген. Суретші Луиза Сейнхэв 1980-ші жылдары пайда болған, гуашьпен сурет салудың өте сирек кездесетін жапондық әдісін қолданыпты. Мұндай тәсілмен сурет салу өте көп уақыт пен ерен еңбекті талап ететіндіктен, қазіргі таңда бұл әдіс мүлдем қолданылмайды десе де болады.
Сюжет бойынша бас кейіпкер Парижді кезіп жүреді: ол қала көшелерімен жүгіріп өтіп, кейін әуе шарларымен аспанға қалықтайды. Бұл сиқырлы саяхатта оған кішкентай бал арасы жолбасшы болады. Ол кейіпкерді Кристиан Диордың раушан гүлдері мен Ла-Коль-Нуар қамалының бақтарымен аралатады. Жолшыбай хош иіссуға есімі берілген дизайнердің қарындасы Катриннің бейнесі де көрініс табады. Сонымен қатар, роликте брендтің басты символына айналған үлкен қызғылт бант пен «қаз табаны» өрнегі сияқты таныс бөлшектер әдемі үйлесім тапқан.
