Style|Beauty

Лилия Рахтың орындауындағы «concealer lips»

Автор Tatler Kazakhstan
23.12.2025
Лилия Рах Tatler Ball 2025 салтанатты кешінде | Фото авторы: Султан Арчаков
IMAGE Лилия Рах Tatler Ball 2025 салтанатты кешінде | Фото авторы: Султан Арчаков
«Бұл ерін бояуы біз ойлағаннан да тез оралды!» – Лилия Рахтың Tatler Ball кешіндегі бейнежазбасының астындағы ең танымал пікір осы болды. Concealer lips – жұрттың бірі сүйіп, бірі жек көретін, қайта оралуын әрі қорқынышпен, әрі қызығушылықпен күткен ерекше трендтердің бірі

Concealer lips дегеніміз не?

2000-жылдардың басында «нюд» еріндер барлық жерде кездесетін. Сол кездегі кез келген музыкалық клипті алып қарасаңыз, smoky eyes жасаған, жасанды кірпік жабыстырған және ерін түсі терісімен бірдей болып кеткен «ақшыл» ерінді аруларды міндетті түрде көресіз.

Y2K дәуірінде косметика нарығында реңктердің таңдауы өте аз еді. Егер ерін бояуының түсі теріге сәйкес келмесе, қыздар амалсыздан қарапайым консилерді пайдаланатын. «Ерінді тері түсімен теңестіру» әдісінен осы трендтің атауы шыққан. 

Айя Шалкар Tatler Ball 2025 шарасында | Фотосуретші: Султан Арчаков
IMAGE Айя Шалкар Tatler Ball 2025 шарасында | Фотосуретші: Султан Арчаков

2025 жылы concealer lips мүлдем басқаша сипатқа ие: мұнда ешқандай өткір контраст немесе ауыр макияж жоқ. Бүгінде бұл тренд мейлінше табиғи бейнемен – мөлдір реңкті тері, сарғыш далап және көздің баяу реңкті көлеңкелерімен тамаша үйлесім табады.

Мэри-Кейт пен Эшли Олсендер | Getty Images
IMAGE Мэри-Кейт пен Эшли Олсендер | Getty Images

2026 жылы сарғыш ерін сәнді көріне ме?

Қысқаша жауап – иә. Осы қыстың басты бьюти-трендтерінің бірі – toffee makeup. Жақында ғана Хейли Бибер мен Зои Кравиц көрсеткен образдарды еске түсіріңізші: үйреншікті қызғылт далаптың орнына жұмсақ қарамельді реңктер, ал айқын еріндердің орнына жылы, табиғи нюд келді.

Хейли Бибер | Getty Images
IMAGE Хейли Бибер | Getty Images
Зои Кравиц | Getty Images
IMAGE Зои Кравиц | Getty Images

Бұл тренд 1990-жылдардың эстетикасынан, яғни сарғыш және қоңыр түстер басым болған дәуірден шабыт алған. Алайда қазіргі интерпретацияда ол әлдеқайда балғын әрі талғампаз көрінеді. Негізгі назар терінің табиғи сұлулығын жауып тастамай, оны ерекшелей түсетін жылы, мөлдір, «акварельді» текстураларға аударылған.

Ким Кардашьян | Getty Images
IMAGE Ким Кардашьян | Getty Images