Style|Beauty

Kilian Paris стиліндегі сән-салтанатты кеш

Автор Tatler Kazakhstan
05.12.2025
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Түнгі өмірдің тылсымы мен еліктіру өнерін, гедонизм мен би алаңындағы тәтті еркіндікті дәл Kilian Paris-тей сезініп, өзінің ажырамас бөлігіне айналдыра алған парфюмерлік брендтер кемде-кем

Kilian Paris хош иістері алдағы түннің сиқырын, сол бір тылсым үміттің лебін сыйлайтындай. Бұл – қиялға қанат бітіп, кез келген арман орындалатындай күй кешетін ерекше сәт. Брендтің әрбір туындысы сізді осы ғажайыпқа жетелеп, жарқырауға, билеуге және ішкі еркіндігіңізді босатып, сәл ессіздікке бой алдыруға үндейді.

«Түнгі өмір қашанда біздің болмысымыздың өзегі болған», – дейді бренд негізін қалаушы, әйгілі француз коньяк әулетінің ұрпағы Килиан Хеннесси. Бұл тектілік әрбір құтыдан сезіледі: қанық коньяк иісті Angels’ Share, салқын әрі жарқын Roses on Ice, басты айналдыратын Apple Brandy on the Rocks және бокалға құйылған Old Fashioned-тің жомарт, тіпті батыл мінезінен анық байқалады. Бұл – жай ғана кешті сүйемелдейтін емес, оның ажарын аша түсетін парфюмерия.

Ең ғажап кештер хош иістен басталады. Қалғанын түннің өзі реттейді.

Килиан Хеннесси
IMAGE Килиан Хеннесси

The Liquors топтамасы

Түнгі өмірдің қайнаған энергиясын Килиан Хеннесси The Liquors топтамасына түгел сыйғызғандай. Коньяк, бренди, абсент, джин және виски сынды аңызға айналған сусындарға арналған бұл топтаманың, әсіресе Angels’ Share хош иісінің Килиан үшін орны бөлек. Себебі ол – коньяк өнеріндегі жетістіктерімен әлемге танылған Хеннесси әулетінің сегізінші буын өкілі.

Топтама 2020 жылы Angels’ Share және Roses on Ice шығарылымымен көпшілікке жол тартты. Парфюмнің «рокс» бар стақандарынан аумайтын арнайы құтыларға құйылуы да тегін емес. Ауыр шыныдағы жарықты түрлі бұрыштан шағылыстыратын «К» әрпіне ұқсас өрнек ерекше оптикалық иллюзия тудырып, көзге бірден түседі.

Ал 2025 жылы The Liquors топтамасы аңызға айналған Angels’ Share хош иісінің жаңа нұсқасы – Angels’ Share on the Rocks-пен толықты. Сыңғырлаған күлкі мен мұз текшелері салынған бокалдардың дыбысы естілгендей болатын бұл жаңа нұсқадан нағыз мереке лебі еседі. Мұнда коньяк ноталарының мас қылатын жылуы мен Килиан Хеннессидің фирмалық «On the Rocks» мұзды аккорды беретін салқындық өзара ғажап үйлесім тапқан.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Түнгі өмір – адам табиғатының айнасы: ол адамдардың шынайы болмысын ашқанымен, оны жүрегімен сезіне білетіндерді ғана бауырына тартады. Kilian Paris брендімен бірлескен арнайы жобада біз екі түрлі кейіпкерге сенім арттық. Темпераменті мен талғамы әртүрлі болғанымен, оларды бір қасиет біріктіреді – әр түннен ләззат ала білу қабілеті.

Олардың бірі – Диана Чимирова (DJ Dianella). Ол кештің жай ғана қонағы емес, оның сәулетшісі. Миконос, Дубай немесе Алматы – қай жерде ойнаса да, дирижер секілді тобырдың энергиясы мен кештің көңіл-күйін басқара алатын Диана, айналасындағы жандарды бақытқа бөлеп, олардың жалпы эйфорияның бір бөлшегіне айналуына жағдай жасайды. Ол түнді «отқа орайды».

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Ал актер, модель және каскадер Олжас Тоғымбет – Диананың толық қарама-қайшы бейнесі. Оның идеал түні даңғаза шудан ада. Оған жұмсақ жарық, баяу әуен және жақын достар ортасы жақынырақ. Олжасты ешкім ешқайда асықпайтын, біреу саусағымен үстелді музыка ырғағымен ақырын ғана қағып, енді біреу ойланып бокалын тербетіп, келесілері бәсең дауыспен сырласып отыратын 1930 жылдардағы джаз-барлардың атмосферасында елестету оңай.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Түнді үнемі қозғалыста өткізетін Диана мен оны байыппен бақылайтын Олжас арасындағы бұл контраст түннің қаншалықты сан қырлы екенін айқын көрсетеді. Бұл – Kilian Paris хош иістерінің би алаңындағы дүбірде де, бардағы оңаша сұхбатта да бірдей жарасымды естілетінінің дәлелі.

Біз кейіпкерлерімізден түнді қалай сезінетіні және кешті не ұмытылмас ететіні туралы сұрастырдық.

Диана Чимирова

Әдетте кешке қалай дайындаласың?

Өнер көрсетер алдында бұлжымас ережем бар: алдымен кешке шабыттандыратын тректі қосамын, сосын Kilian Paris-тің сүйікті хош иісін (мысалы, Sunkissed Goddess немесе Can’t Stop Loving You) сеуіп, айна алдында сәл кідіремін. Терең демалып, хош иіс ноталарын түйсінген сәтте өз күйіме енемін. Сол мезетте мен бойымдағы энергияны сезініп, тыңдаушыларды қуаттандыру үшін динамикалық толқынға түсемін. Аудиторияның мыңдаған адам болуы немесе шағын кеш болуы маңызды емес.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Алматы өзінің ерекше түнгі энергиясымен танымал. Алматылық түн сен үшін қандай?

Мен үшін бұл – жеңілдік пен еркіндік. Кез келген барға кіріп, достар мен таныстарды кездестіруге, сәтпен өмір сүретін адамдардың жылы, жарқын энергиясын сезінуге болады. Мұндағы кештер өмірге толы, тіпті жыл өткен сайын батыл бола түсуде. Егер түнгі Алматыны хош иіспен сипаттау керек болса, Can’t Stop Loving You мен Angels’ Share on the Rocks арасындағы жұмбақ әрі баурап алатын Kilian Paris парфюмін таңдар едім. Қаланың болмысы мен жанын дәл осы хош иістер айнытпай бейнелейтіндей. Бұл – бітпесе екен дейтін, ләззаты таусылмас ұзақ кеш сияқты.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Мінсіз кешке арналған ерекше коктейліңді жасау керек болса, оған қандай ингредиенттер қосар едің?

Менің коктейлім ерекше тәтті әрі мерекелік жарқын болар еді: ашықтық үшін құлпынай езбесі, нәзіктік үшін кілегейлі ликер, еліктіру үшін аздап ваниль және бір тамшы лимон шырынын қосар едім. Және де, міндетті түрде шампанның дәмі болуы керек – сонда бәрі нағыз кештің қызған шағындай жарқырап шыға келеді.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Олжас Тоғымбет

Актер әрі модель Олжас Тоғымбеттің өмірі – қаладан қалаға сапар шегу мен бітпейтін түсірілімдерден тұратындықтан, мұндай қарбалас өмір салты кештерге аз уақыт қалдырады. Ол жиі қыдырмайды, бірақ уақытын бөлуге тұрарлық кештің қандай болуы керегін жақсы біледі.

Сенінше мінсіз кеш қандай болу керек?

Мен шулы кештердің жанкүйері емеспін. Біріншіден, оған бос уақытым да аз. Ал екіншіден, маған басқа формат – яғни шағын бардағы немесе үйдегі отырыстар жақынырақ. Достарымды үйге шақырып, оларға өзім тамақ әзірлеп, кешті жылы ортада өткізгенді жақсы көремін. Жақсы кеш – ләззат сыйлайтын кеш. Тек осы кезде ғана мен қуат алып, демаламын.

Кешке арнайы дайындалмаймын, бірақ парфюм таңдау мен үшін маңызды. Kilian Paris-тің сүйікті хош иісінсіз, мысалы, соңғы кездері ұнатып жүрген, жақсы сақталған виски сияқты терең әрі жылы Old Fashioned-сіз көпшілікке шығуды елестете алмаймын. Және де, ең бастысы – айналаңдағы адамдар. Дұрыс компания түнді сиқырлы етеді, қалғаны – екінші кезектегі дүние.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Түнгі Алматының ерекшелігі неде? Қаланы жеке өзің қалай сезінесің?

Қайда жүрсем де, мені бәрібір Алматыға тартады да тұрады. Алматының кештері жаныма жақын – олар шынайы, ырғақты және басқа қалаларда кездесе бермейтін сол бір жеңілдікке ие. Алматыда бірден көңіл-күйді реттейтін шығармашылық атмосфера сезіледі, қала саған: «Босаңсы!» деп тұрғандай. Түнгі Алматыдан маған гүлдің, тазалықтың және шынайылықтың иісі аңқиды – ол ешкімге ұқсауға тырыспайтын, өз болмысын сақтаған қала.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Мінсіз кешке арналған ерекше коктейль жасайтын болсаң, ол қандай болар еді?

Өз коктейлімді жасайтын болсам, күшті алкогольді сусынды, мысалы, вискиді таңдар едім. Және осы жылы, қыздыратын хош иіске сәл ғана кофе мен қою шоколад қосар едім. Меніңше, олар композицияны одан әрі тереңдетіп, әдеттегі ауырлықсыз тәттілік берер еді. Бұл жай ғана кешке ілесетін емес, Angels’ Share немесе Old Fashioned хош иістері сияқты оның сәнін келтіретін коктейль болар еді. Бұл хош иістер мен үшін – мінсіз түннің нағыз көрінісі.

Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты
Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағаты

Мерекелік маусымға орай оңтүстік астананың үш бары Kilian Paris хош иістерінен шабыттанып, кез келген кешті толықтыратын авторлық коктейльдердің арнайы мәзірін жасады.

Сүйікті хош иістер желісімен жасалған коктейльдерді келесі барларда іздеңіз: Angels' Share және Roses on Ice – Gruppo 63-те, Good Girl Gone Bad және Angels' Share on the Rocks – French 42 барында, ал Old Fashioned пен Love, don't Be Shy – Adept-те.