25 жастағы актер сұхбатында бұл образға Black Swan фильмі шабыт бергенін айтты. Ол қызыл кілемге Натали Портман кейіпкерінің Ақ аққудан Қара аққуға айналу сәтін еске салатын макияжбен, сондай-ақ дәл сондай шаш үлгісімен шыққан.
Образбен күтім жөніндегі стилист Айка Флорес айналысқан екен. Көзіне қанат тәрізді үлкен сызықтар сызылып, қасына қызыл, көк пигменттер қосылыпты. Флорестің түсіндіруінше, асимметрия мен ашықтан қараңғыға күрт өту – «пәктіктің күшке ұласу» сәтін жеткізуі тиіс болған. Уильямстың шашы тікірейген тұтамдарға бөлініп, ақ дақтармен боялды. Осылайша стилистер қауырсынның көрінісін шебер жасап шыққан.
Уильямстың костюмін сән үйінің жаңа креатив директоры Пьерпаоло Пиччолидің тапсырысымен Balenciaga арнайы тігіп берді. Бұл – қара кристалдармен толықтай кестеленген, ұзын шашақтары бар аспанкөк қосөңірлі костюм мен ұп-ұзын қара шлейф. Киімнің пішіні испандық матадордың бейнесін еске салса, дизайнына Кристобаль Баленсиаганың 1947 жылғы мұрағаттағы болеро эскизі шабыт берген.
Уильямс көпшілік алдына шыққаннан кейін оның макияжы туралы іздеу сұраныстарының күрт өскені таңғаларлық емес. Google аналитикасының мәліметінше, «Қара аққу макияжы» сол кештен соң интернесттегі ең өзекті бьюти-сұранысқа айналды. Ал рәсімнен кейінгі кештердің бірінде актер ERL бренді ұсынған қысқалау образға ауысып, көпшілікке қара фрак, ақ шорты, жартылай мөлдір ақ шұлық пен лакталған лофермен көрінді.
