Giorgio Armani бренді өзінің жаңа I Will парфюмінің жарнамалық науқанына британиялық актер Джонатан Бейлиді басты тұлға етіп таңдады. Айта кетейік, бұл – I Will Scent желісінде соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде жарық көретін алғашқы ерлер хош иісі
WWD басылымы таратқан ақпаратқа сүйенсек, сән үйі жаңа хош иісті таныстыру үшін Бейлимен ресми келісімшартқа отырған. Netflix платформасында хитке айналған «Бриджертоны» сериалындағы Энтони Бриджертонның рөлі арқылы көпшілікке танылған актердің Armani брендімен шығармашылық байланысы бұрыннан бар.
«Мен бірнеше жылдан бері Armani отбасының бір бөлшегімін – дәлірек айтсам, кіші інісіндеймін. Оның үстіне, маған Армани мырзаның өзімен жеке танысудың сәті түсті. Сондықтан бұл жаңалық мен үшін керемет әрі ерекше сезім», – деп бөлісті Бейли.
Шын мәнінде, Джонатан Бейли Armani үйімен осыған дейін де тығыз жұмыс істеген болатын: 2024 жылы актер Emporio Armani брендінің көзілдіріктер мен әшекейлер топтамасының тұлғасы атанды. Сондай-ақ қызыл кілемдегі маңызды шараларға да үнемі осы сән үйінің образдарын таңдап келеді.
