Chanel сұлулық әлемінің басты жауһарлары бір кеңістікте тоғысты. Бестселлерлер мен танымал топтамалар қатарында әйгілі N°5 бар. Сондай-ақ Les Exclusifs de Chanel мен Les Eaux de Chanel, жаңартылған Coco Mademoiselle ұсынылған. Бұған қоса Sublimage күтім құралдары мен Chanel Makeup сәндік косметикасын табуға болады, сонымен қатар көзілдіріктер де ұсынылған.
Ал арнайы бөлінген бұрышта келушілерге Chanel Beauty мамандары кеңес береді. Олар тері күтімі мен макияжға арналған құралдарды таңдауға жәрдемдесіп, қас пішінін түзейді.
Ішкі безендірілуін Chanel-дің жаһандық сәулет тобы жасап шыққан. Кеңістік сән үйінің дәстүрлі эстетикасын сақтаған. Іші өте жарық әрі көз тартарлық артық бөлшектері жоқ. Сондай-ақ талғампаз фактуралар мен материалдар өзара тамаша үйлесім тапқан.
