Style|Beauty

Ақ ұлпадағы алтын: CHANEL қысқы Альпі тауларының рухында жаңа мерекелік топтамасын ұсынды

АвторыTatler Kazakhstan
27.10.2026
Маргарет Куолли | CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Маргарет Куолли | CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан
CHANEL сән үйі жаңа мерекелік Holiday бьюти-топтамасын көпшілік назарына ұсынды. Бұл топтамаға Санкт-Морицтің қар жамылған көркем табиғаты мен Габриэль Шанельдің өміріндегі ерекше кезең шабыт берген. Аңызға айналған кутюрье сонау 1930-шы жылдары осы бір альпілік демалыс орнына жиі барып тұрған екен. Енді, міне, сол бір тарихи сәттерге құрмет ретінде жасалған жаңа науқанның басты бейнесі етіп актриса Маргарет Куолли таңдалып отыр

Жаңа өнімдер қысқы табиғаттың ғажайып нұрын көз алдымызға әкеледі. Ондағы қардың салқын жарқырауы кешкі күн батқандағы алтын және қызғылт шапағатпен әдемі үйлесім тапқан. Бұл қатардан бетке, көзге және ерінге арналған макияж өнімдерін, сондай-ақ тері күтіміне қажетті құралдар мен хош иіссуларды кездестіруге болады. Оған қоса, топтамаға лактар мен ерін далаптарының шектеулі нұсқадағы реңктері де еніп отыр.

Маргарет Куолли | CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Маргарет Куолли | CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан
Маргарет Куолли | CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Маргарет Куолли | CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан
CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан

Мұндағы басты ерекшелік – өнімнің жарқыраған құрылымы, меруерттей құлпырған әсері және алтын, қоңыр, қызғылт реңктердің шебер ұштасуы. Мерекелік топтаманың ең құнды бөлшегі ретінде CHANEL-дің танымал өнімдерінің арнайы шығарылған нұсқаларын атап өтуге болады. Соның ішінде Baccarat хрусталінен жасалған құтыға құйылған, бар-жоғы 48 данамен шыққан N°5 Extrait de Parfum хош иіссуының орны тіпті бөлек.

Маргарет Куолли | CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Маргарет Куолли | CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан

Альпі тауларының тылсым табиғаты, француз талғампаздығы және табиғи жарқырау идеясы – осының бәрі жаңа топтамада тұтас бір ұғымға айналғандай. Ерекше өнімдер қатары 2026 жылдың қараша айында саудаға түседі.

CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE CHANEL баспасөз қызметінің мұрағатынан