Style|Beauty

Алматыдағы Kilian Paris кеші қалай өтті?

АвторыTatler Kazakhstan
01.06.2026
Adam, Райхана Мухлис, Темірлан Советов | Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Adam, Райхана Мухлис, Темірлан Советов | Фотосуретші: Тимур Эпов
Өмірдің әрбір сәтінен ләззат ала білу – Kilian Paris парфюмерлік үйінің айнымас философиясы. Алматылық зайырлы қауым бұл қағиданы дәстүрлі жазғы кеште тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жолғы басқосудың басты жаңалығы – жұртты сөзсіз-ақ арбап, естен кетпес әсер қалдыратын жаңа Her Majesty хош иісі болды

Алматының зайырлы ортасы жаздың келгенін өзінше қарсы алады. Осы дәстүрдің ең жарқын көрінісітердің бірі – жыл сайын өтетін Kilian Paris кеші. Жұрт көптен күтетін бұл жиын жылы түндердің шымылдығын түріп, жылдың ең әдемі айларын қалай өткіземіз деген тәтті ойларға жетелейді. Мұның астарында үлкен мән жатыр: жаз маусымын бастауға Kilian-нан асқан парфюмериялық брендті елестету қиын. Өйткені марканың бүкіл эстетикасы рақатқа бату, жеңілдік, мерекелік көңіл күй және өмірдің дәмін тату сияқты ұғымдардың айналасында өріледі.

Диана Чимирова | Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Диана Чимирова | Фотосуретші: Тимур Эпов

Биылғы кеш те дәстүрден жаңылмады. Бұл жолғы кездесуге себеп болған жаңа Her Majesty хош иісі адамның ішкі харизмасы мен өзіне деген сенімділігінен шабыт алған. Оны брендтің парфюмериялық тарихындағы жаңа тарау десек те болады. Дегенмен, қонақтарды қуантқан жалғыз жаңалық бұл емес еді. Кеште алғаш рет көлемі 30 мл болатын жаңа құтылар да таныстырылды. Брендтің фирмалық стилінде жасалған бұл шағын нұсқалар талғаммен әрленген алкоголь графиндерін еске салады – бұл брендтің негізін қалаушы Килиан Хеннессидің талай жылдан бергі шабыт көзі. Шағын құтыда тек алкогольді топтамадағы ғана емес, сонымен қатар Love Don’t Be Shy, Angel’s Share, Black Phantom, Good Girl Gone Bad, Smoking Hot, Sacred Wood, Old Fashioned және Apple Brandy сияқты жұрттың сүйіктісіне айналған ароматтар да жарық көрді.

Сэм Сариева | Фотограф: Тимур Эпов
Айя Шалқар | Фотосуретші: Тимур Эпов
Yan Ray | Фотосуретші: Тимур Эпов
Лейла Балтиева, Гаухар Жексен, Сэм Сариева | Фотосуретші: Тимур Эпов
Айжан Асемова | Фотосуретші: Тимур Эпов
Аида Дарванкулова | Фотосуретші: Тимур Эпов
Темірлан Советов | Фотосуретші: Тимур Эпов
Анастасия Иванова, Айжан Асемова | Фотосуретші: Тимур Эпов
Санжар мен Мөлдір Мәдиевтер | Фотосуретші: Тимур Эпов
Роман Хан, Диля Саду, Антуан Димитров | Фотосуретші: Тимур Эпов
Азиза Айбадуллина | Фотосуретші: Тимур Эпов
Қарлығаш Ерғалиева, Гаухар Жексен | Фотосуретші: Тимур Эпов
Диана Тілеулиева, Фариз Мамедов, Мика Барни | Фотосуретші: Тимур Эпов
Романи Рауан | Фотосуретші: Тимур Эпов
Диана Чимирова | Фотосуретші: Тимур Эпов
Санжар Мәди | Фотосуретші: Тимур Эпов
Райхана Мухлис | Фотосуретші: Тимур Эпов
Малика Жексенбина, Алмаз Мержақыпов | Фотосуретші: Тимур Эпов
18 фотоның / 1 фотосы Сэм Сариева | Фотограф: Тимур Эпов

Брендтің жақын достары, танымал инфлюенсерлер, креативті индустрия өкілдері мен зайырлы хрониканың тұрақты кейіпкерлері бас қосқан бұл кеш жаз басындағы ең асыға күтетін оқиға екенін тағы да дәлелдеді. Демек, маусым ресми түрде ашылды.

Бауржан Тұржанов, Аида Имаржан, Екатерина Кнауб, Михаил Коваль, Оксана Артемова | Фотограф: Тимур Эпов
IMAGE Бауржан Тұржанов, Аида Имаржан, Екатерина Кнауб, Михаил Коваль, Оксана Артемова | Фотограф: Тимур Эпов