Мәскеудің қарбалас тіршілігінде клубтық үй форматы – бұл тыныштық пен еркіндікті қалайтындардың таңдауы. Мұндай баспана иесі болу – таңдаулы ортаның мүшесі атанумен тең. Бұл философия Мәскеудің тарихи ауданындағы «Долгоруковская 25» жобасында айқын көрініс тапқан. Бұл маң кезінде атақты өнер иелері мен ғалымдар тұрған, мәдениет пен тарих тұнып тұрған өңір. Тверь ауданының дамыған инфрақұрылымы мәскеулік өмірдің барлық рақатын сезінуге жол ашады.

«Долгоруковская 25» кешені екі корпустан – «Музыкальный» және «Художественный» ғимараттарынан тұрады. Олардың әрқайсысы зергердің қолынан шыққан бағалы жәдігердей әсер қалдырады. Ғимарат заманауи еуропалық сәулет өнерінің ең үздік дәстүрлерімен бой көтерген.
«Музыкальный» және «Художественный» корпустарының астында ортақ паркинг бар, бірақ әрқайсысының кіреберіс залы ерекше стильде жасалған. «Художественный» корпусында сарқырама, камин және заманауи өнер көрмесі орналасса, «Музыкальный» корпусы өткен ғасырдың музыкалық салондарын еске түсіреді. Мұндағы концерттік рояль көршілердің басын қосып, кештерді әуенмен әрлейді. Екі ғимараттың да ішкі әрлеуіне табиғи материалдар қолданылған.


Кешенде небәрі 46 резиденция қарастырылған. Жобаның басты байлығы – от жағатын камині бар екі деңгейлі кең пентхаустар. Қазір мұндай үйдің тек үшеуі ғана қалды. Әрқайсысының ауданы 237 шаршы метр, төбесінің биіктігі алты метрге жетеді, ал шатырын демалыс аймағы ретінде пайдалануға болады. Ғимараттардың ортасында бөгде көзден тасаланған ішкі аула бар. Бірінші қабатта жеке кіреберістері бар коммерциялық нысандар жайғасқан. 57 көлікке арналған жерасты тұрағында спорткарларға арналған арнайы жабын мен екі электр қуаттау станциясы орнатылған.
Жоба көптеген беделді марапаттарға ие болды: Urban Awards-тың «Премиум-кластағы ең үздік апартаменттер кешені», «Жылжымайтын мүлік нарығының рекордтары» байқауының «5 жұлдызды нысаны» атағын иеленді. Бай тарих пен заманауи жайлылықты шебер ұштастыруының арқасында «Долгоруковская 25» Мәскеудегі ең бағалы әрі болашағы зор нысандардың біріне айналып отыр
Сібір жайлылығы
Новосибирск – Сібір өңіріндегі көне қалалардың бірі, оның орталығында классикалық стильдегі ескі үйлер мен усадьбалар сақталған. Қазір қала орталығында бос жер мүлде қалмағандықтан, жаңа құрылыс жүргізу мүмкін емес. Сондықтан Красный проспект пен Чаплыгин көшесінің қиылысындағы «Маяковский» кешенінің бой көтеруі – сирек кездесетін оқиға.

Кешен ауқымды көрінгенімен, мұнда бар болғаны 114 апартамент бар. Олардың жартысы иесін тауып үлгерді: мұндай элиталық баспананы көбіне жоғары табысты жандар мен кәсіпқой инвесторлар таңдайды.
Пәтерлер еркін жоспарланған, әрқайсысының өз террасасы бар. Одан ескі қаланың көрінісін тамашалауға болады. Үйдің ішкі мәдениеті ар-деко стиліндегі ортақ демалыс аймақтарымен айқындалады. Бірінші қабатта консьерж қызметі мен іскерлік кездесулер өткізуге арналған кең қонақжай бар.


Құрылыс салушы әртүрлі талғамға сай пәтерлер ұсынады: 45 шаршы метрлік шағын пәтерлерден бастап, 160 шаршы метрлік отбасылық резиденцияларға дейін. Ең жоғарғы қабаттарда нағыз камин орнатуға болатын зәулім пентхаустар жайғасқан.
«Маяковский» кешенінде қауіпсіздік жоғары деңгейде: Bolid автоматты жүйесі мен FERMAX бейнедомофондары әрбір келушіні бақылауда ұстайды. Дыбыссыз Kone лифтілері мен электрокарларға арналған Pandora қуаттау станциялары жайлылықты еселей түседі. Сондай-ақ кешенде екі қабатты жерасты паркингі қарастырылған.
Кешеннің бірінші қабатында банктер, дәмханалар мен дүкендер ашылып үлгерген. Нысан толық қолданысқа берілген, сондықтан сатып алған бойда бірден қоныстануға болады.
