Power & Purpose|Leadership

Шахматшы Бибисара Асаубаева Қазақстанның атын жаңа рекордпен шығарды

Автор Tatler Kazakhstan
19.01.2026
Instagram/bibisarachess
IMAGE Instagram/bibisarachess
Асаубаева Norway Chess Women – 2026 турнирінің тарихына ең жас қатысушы ретінде енді

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Ослода өтетін беделді Norway Chess Women – 2026 турнирінде бағын сынайды. Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметі өздерінің Instagram-парақшасында хабарлады.

21-жастағы Асаубаева – блицтен әлемнің үш дүркін чемпионы (2021, 2022, 2025). Ол 17 жасында блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

2025 жыл Асаубаева үшін ерекше табысты болды. Ол үшінші рет әлем чемпионы атанып, гроссмейстер атағын алды. Сондай-ақ, FIDE – 2026 Үміткерлер турниріне жолдама иеленіп, жеке рейтингін 2513 деңгейіне дейін көтерді.

Норвегияда 2026 жылдың 25 мамыры мен 5 маусымы аралығында өтетін бұл дода Бибисара үшін алғашқы дебют болмақ. Десе де, ол турнир тарихына ең жас қатысушы ретінде жазылып үлгерді.