Әнші бір жылда $1 млн қаражат жинаған
Сабрина Карпентер PLUS1 платформасындағы қайырымдылық қоры арқылы бір жылда $1 млн жинады. Бұл ұйым 350-ден астам әртіспен жұмыс істейді: концертке сатылған әрбір билеттен қорға $1 түсіп отырады. Сабринаның қоры PLUS1 тарихындағы ең жылдам өскен қор болды.
Негізгі соманы ($824 мың) Карпентер Солтүстік Америкадағы Short n’ Sweet туры кезінде жинаған. Тағы $200 мыңға жуық қаражат еуропалық гастрольдерден түскен. Барлық жиналған қаражат психикалық денсаулық, жануарларды қорғау және ЛГБТ құқықтары саласындағы бастамаларды қолдауға бағытталады.
«Платформамен жұмыс істейтін жалғыз әртіс Сабрина Карпентер емес, бірақ оның қоры бәрінен жылдам өсіп келеді», – деп атап өтті ұйым өкілдері.
