Эльвира Бакубаева мен Айсұлу Уәли негізін қалаған NAAW сәулет бюросы ArchDaily Next Practices 2025 халықаралық сыйлығының жеңімпаздарының бірі атанды. Биыл қазылар алқасы сәулет өнерінің болашағын қалыптастыратын әлемнің түкпір-түкпірінен небәрі 20 сәулет студиясын таңдап алды.
ArchDaily — бұл миллиондаған кәсіпқойлар мен сәулет зерттеушілері күн сайын оқитын ең ірі сәулет онлайн-платформасы. 2020 жылдан бастап Next Practices бастамасы жаңа бағыттарды белгілейтін студияларды атап өтеді: олар – үйреншікті шеңберден батыл шығып, жергілікті контекстті қайта пайымдайтын, тұрақтылық пен жауапкершіліктің жаңа формаларын іздейтін, сондай-ақ мамандықтың болашағына әсер ете алатын идеялар ұсынатын студиялар.
NAAW жеңісі – бұл тек сәулет өнерінің дамуына қосқан үлесті ғана емес, сонымен қатар команданың мәдени мұраға деген ықыласы мен заманауи қалалар мен қауымдастықтар үшін өзекті шешімдерді іздеуді біріктіретін ерекше көзқарасын мойындау.


