Power & Purpose|Leadership

Михаил Шайдоров Олимпиададағы «Дюна» стиліндегі костюмімен француз журналын тәнті етті

АвторыTatler Kazakhstan
13.02.2026
Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында | Фото: Энди Чунг | Getty Images
IMAGE Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында | Фото: Энди Чунг | Getty Images
Шетелдік басылым қазақстандық спортшының стилі мен өнер көрсету тақырыбын ерекше атап өтті

Француз журналистері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа ерекше назар аударды. Оның «Дюна» фильміндегі Тимоти Шаламенің киіміне ұқсас ерекше образы шетелдік басылымда мақала жариялануына себепкер болды.

«Егер сіз мәнерлеп сырғанау әлемін жіті бақылап жүрмесеңіз, Олимпиада мұз айдынынан «Дюна» кейіпкерін жолықтыру сізді таңғалдыруы әбден мүмкін. 2026 жылғы Ойындарда қазақстандық Михаил Шайдоров экраннан жаңа ғана шығып келгендей әсер қалдырды: оның Тимоти Шаламенің образын айнытпай қайталаған костюмі көптің назарын бірден жаулап алды», – деп жазады басылым.

Француз журналистері қазақстандық спортшының жаһандық тренд тамырын дөп басқанын таңдана атап өткен. Сөйтсек, Арракис әлеміне ғашық жалғыз Шайдоров емес екен. Милан айдынында «Дюнаның» асқақ әуенімен испандық Оливия Смарт пен Тим Дик, сондай-ақ француз мәнерлеп сырғанаушысы Адам Сяо Хим Фа да өнер көрсетіп, көрерменді тәнті етті.

«Бұл фильм әлемі қазіргі заманның басты мәдени феноменіне айналды. Ал оның өзге ғаламнан жеткендей тылсым әуені мұздағы поэтикалық қойылымдар үшін таптырмас үйлесім тапқан», – деп түйіндеді авторлар.