Австралияның Брисбен қаласында жалауы желбіреген додада Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды сәтті бастады. Кездесу 6:3, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді.
Әсіресе, екінші сет нағыз драмаға толы болды: қазақстандық спортшы 1:4 есебімен ұтылып жатып, нағыз чемпиондық мінез танытты. Ол соңғы жеті геймнің алтауын өз еншісіне байлап, жанкүйерлерін таңдай қақтырарлық камбэк жасады.
Рыбакинаның қарсыласы, 36 жастағы Чжан Шуай – жұптық сында аты шыққан шебер. Ол кезінде әлемнің екінші ракеткасы атанып, «Үлкен дулыға» турнирлерінде екі мәрте (Саманта Стосурмен тізе қосып Australian Open 2019 және US Open 2021) топ жарған. Жекелей сында ол қазіргі уақытта әлемдік рейтингтің 79–сатысында тұр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Елена Рыбакина WTA Қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, мәртебесін асқақтатқан болатын. Бұған дейін Брисбендегі доданың екінші кезеңіне Қазақстанның тағы бір өкілі – Юлия Путинцева суырылып шыққан еді.
