Power & Purpose|Leadership

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалына жолдама алды

Автор Tatler Kazakhstan
26.01.2026
Елена Рыбакина | Instagram | lenarybakina
IMAGE Елена Рыбакина | Instagram | lenarybakina
Қазақстандық теннисші Australian Open додасының екі дүркін чемпионы Элизе Мертенсті 6:1, 6:3 есебімен артта қалдырды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы ақпарат чемпионаттың ресми сайтында жарияланды.

1/8 финалдық кездесуде Рыбакина әлемдік рейтингте 21-ші орында тұрған бельгиялық Элизе Мертенсті сенімді түрде жеңді. Екі сетке созылған матч 6:1, 6:3 есебімен аяқталды.

Ширек финалда Рыбакина корт иесі Мэддисон Инглис пен Польша елінен келген әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Ига Швёнтек арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Бұған дейін, яғни 25 қаңтар күні, Australian Open турнирінің жұптық сынында Қазақстанның тағы бір өкілі – Анна Данилина ширек финалға өткен болатын. Алайда сол күні өзге қазақстандық теннисшілерге жарысты жалғастыру мүмкіндігі бұйырмады: Юлия Путинцева жекелей сында америкалық Ива Йовичке есе жіберсе, Александр Бублик те турнирдің осы кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Елена Рыбакина төртінші айналымда АҚШ өкілі Мэдисон Кизден жеңіліп, 1/4 финалға жете алмаған еді.