Power & Purpose|Innovation

Open AI айына $20000 тұратын ЖИ агенттерін жасамақ

Автор Адиса Кин
06.03.2025
openai.com
IMAGE openai.com

ChatGPT-ді ойлап тапқан Open AI мекемесі адамның көмегінсіз тамаққа тапсырыс бере алатын, билет сатып ала алатын ЖИ агенттерін ұсынбақ

Жасанды интеллект (ЖИ) агенттері пайдаланушылардың немесе басқа жүйелердің атынан күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. Бұл агенттер дамыған тілдік модельдер мен шешім қабылдау алгоритмдерін пайдалана отырып, тапсырмаларды орындайды. ЖИ агенттері кей мәселелерді өздері шешіп, адам уақытын едәуір үнемдемек. 

2025 жылдың басында OpenAI іске қосқан Operator – осы технологияның жарқын мысалы. Бұл ЖИ агенті билеттерді брондай алады, сонымен қатар азық-түлікке тапсырыс бере алады.

OpenAI өз AI агенттерін үш түрлі баға сегментінде ұсынуды жоспарлап отыр:

Базалық деңгей: Айына $2 000 төленетін агенттер жоғары табысты білім қызметкерлеріне арналған.
Орта деңгей: Айына $10 000 төлесеңіз, компьютерлік кодтау тапсырмаларын орындай алады.
Жоғары деңгей: Айына $20 000-ға PhD деңгейіндегі ғылыми көмекші ретінде ұсынылады.