Power & Purpose|Innovation

Google және медиа: жасанды интеллект үшін басталған текетірес

Автор Анель Танкибаева
17.09.2025
Splash
IMAGE Splash

Ақпараттық сайттардың өкілдерінің Google-ды не үшін сотқа беріп жатқанын талдаймыз

Ең ірі медиакорпорациялардың бірі Penske Media Corporation (PMC) жасанды интеллектіні пайдаланғаны үшін Google-ды сотқа берді. Талап арызда Google-дың жасанды интеллектісі жасайтын қысқаша мазмұндар сайттардағы трафикті күрт азайтып, жарнама мен жазылымнан түсетін кіріске орасан зор зиян келтіріп жатқаны айтылған. Нейрожелілердің іздеу жүйесіне енгізілуі компанияның кірісі 2025 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда үштен бірге төмендеуіне әкелген.

Бұл – жасанды интеллект жасаған қысқаша мазмұндарға қатысты екінші шағым. Біріншісін Chegg білім беру онлайн-платформасы берген. Google болса, барлық кінәратты негізсіз деп санайды: «Қысқаша мазмұндар, керісінше, контентті дамытуға көбірек мүмкіндіктер ұсынады».