Power & Purpose|Innovation

Audi A7 Competition: Ымыраға келмейтіндерге арналған жылдамдық пен стильдің үйлесімі

Автор Tatler Kazakhstan
30.04.2025
Audi A7 Competition: Ымыраға келмейтіндерге арналған жылдамдық пен стильдің үйлесімі

Қазақстанда премиум жайлылық пен спорттық мінезді бір арнаға тоғыстырған шектеулі сериядағы Audi A7 Competition модельдері сатылымға шықты

Audi A7 Competition – лифтбек үлгісінің ерекше нұсқасы, қозғалысты, стильді және озық технологияларды бағалайтындар үшін жасалған.

Технологияның мінсіз тепе-теңдігі: қуат пен қарқын

Модель екі түрлі қозғалтқышпен ұсынылады: серпінді R4 45 TFSI және қуатты V6 55 TFSI. Quattro ultra толық жетекті жүйесі мен S line спорттық аспасы көліктің жолға деген сенімділігін, басқарылу дәлдігін және нағыз жүргізу ләззатын қамтамасыз етеді.

HD Matrix LED шамдары мен динамикалық жарық эффектілері бар артқы шамдар – тек сәндік элемент емес, қауіпсіздіктің де кепілі. Қара түсті жарықдиодты фаралар мен жуу жүйесі жолдағы көріністі анық етіп қана қоймай, көлікке ерекше болмыс сыйлайды.

Audi A7 Competition: Ымыраға келмейтіндерге арналған жылдамдық пен стильдің үйлесімі

Болмысының әр бөлігі өзінше бірегей

Audi A7 Competition – әсерлі дизайнымен көз тартатын модель. 21 дюймдік дискілері көлікке нақ әрі бұлтартпас келбет сыйлайды.

S line пакеті мен қара түсті сыртқы айна корпустары және төбесі бар Black Styling plus пакеті силуэтке батылдық пен динамизм қосады.

Панорамалық әйнек төбе ішкі кеңістікті жарыққа толтырып, еркіндік сезімін сыйлайды. Тот баспайтын болаттан жасалған педальдар мен жарықтандырылған S логотипі бар есік табалдырықтары әр сапарды ерекше әсерге бөлейді.

Audi A7 Competition: Ымыраға келмейтіндерге арналған жылдамдық пен стильдің үйлесімі

Салондағы спорттық сән-салтанат атмосферасы

A7 Competition салоны – премиум материалдар мен спорттық акценттердің үйлесімі. Қара түсті төбе қаптамасы, S логотипі бар үш спицалы былғары рөл, қызыл тігіс және микрофибра мен Dinamica Frequency былғарысынан тігілген спорттық орындықтар көліктің жарысқа бейім рухын айқын сезіндіреді.

Бөлінетін артқы орындық арқалығы мен белге арналған төрт бағыттағы тіреу ұзақ сапарларды жеңіл ете түседі.  

Қазақстандағы ресми дилерлік орталықтарда көліктің екі ерекше түсі ұсынылған: Ascari Blue Metallic / Brilliant Black және эксклюзив Arrow Gray Pearl Effect / Brilliant Black.

Audi A7 Competition: Ымыраға келмейтіндерге арналған жылдамдық пен стильдің үйлесімі

Audi A7 Competition – әр бөлшегіне дейін ыждаһаттылықпен жасалған көлік. Күн сайын жаңа деңгейдегі драйв пен люксті сезінгісі келетін жандар үшін мінсіз таңдау дер едік.

Модельдерді Алматы мен Астана қалаларындағы ресми дилерлік орталықтардан алуға болады. Бағасы қозғалтқыш түрі мен комплектацияға байланысты 54 миллион теңгеден басталады.

Audi A7 Competition: Ымыраға келмейтіндерге арналған жылдамдық пен стильдің үйлесімі