Power & Purpose|Innovation

Apple-дің болашаққа көзқарасы: iPhone 17, жаңа сағаттар және AirPods Pro 3

Автор Егор Ходаков
11.09.2025
Apple
IMAGE Apple

iPhone 17 желісіндегі смартфондар, аудармашысы бар құлаққаптар және Apple-дің жаңа буын сағаттары

9 қыркүйек күні Apple компаниясы жаңа құрылғыларын таныстырды. Олардың қатарында – iPhone 17, iPhone Air, iPhone 17 Pro және Pro Max смартфондары, Apple Watch Series 11, Apple Watch SE 3, Apple Watch Ultra 3 сағаттары, сондай-ақ AirPods Pro 3 құлаққаптары бар. Төменде әр модельдің негізгі ерекшеліктері берілген.

iPhone 17

Классикалық iPhone A19 чипіне, Super Retina XDR дисплейіне, жаңартылған шыныға, негізгі және ультра кең бұрышты камераларға, сондай-ақ Center Stage функциясы бар алдыңғы камераға ие болды. Соңғысы топтық селфи болса да, барлық адамды кадрға сыйғызуға мүмкіндік береді. Бес түсте қолжетімді: Lavender, Sage, Mist Blue, White және Black.

iPhone 17 | Apple
IMAGE iPhone 17 | Apple
Apple-дің болашаққа көзқарасы: iPhone 17, жаңа сағаттар және AirPods Pro 3

iPhone Air

Тарихтағы ең жұқа iPhone: қалыңдығы небәрі 5,6 мм, салмағы 165 грамм. Титан жиектеме, Wi-Fi 7 қолдауы, қуатты A19 Pro чипі және тек eSim-ді ғана қолдау. Sky Blue, Light Gold, Cloud White және Space Black түстерінде қолжетімді.

iPhone Air | Apple
IMAGE iPhone Air | Apple
Apple-дің болашаққа көзқарасы: iPhone 17, жаңа сағаттар және AirPods Pro 3

iPhone 17 Pro және Pro Max

Pro-желісі енді шыңдалған алюминийден жасалған корпусы мен бу камерасы бар суыту жүйесіне ие болды. Ішінде – A19 Pro, ал камералары енді 40 есе зуммен түсіретін болды. Модельдер үш түсте ұсынылған: Cosmic Orange, Deep Blue және Silver.

iPhone 17 Pro және Pro Max | Apple
IMAGE iPhone 17 Pro және Pro Max | Apple
Apple-дің болашаққа көзқарасы: iPhone 17, жаңа сағаттар және AirPods Pro 3
Apple-дің болашаққа көзқарасы: iPhone 17, жаңа сағаттар және AirPods Pro 3

Apple Watch Series 11

Apple Watch Series 11 – бренд тарихындағы ең жұқа сағат үлгісі. Оның корпусы мен дисплейі сызаттарға екі есе төзімдірек болып, денсаулықты бақылайтын жаңа функциялармен толықты. Енді сағат ұйқыны, жүрек белсенділігін және қан қысымын жақсартылған деңгейде бақылай алады. Сондай-ақ, 5G желісін қолдайтын бұл модельдің батареясы 24 сағатқа дейін жұмыс істейді. Корпустың алюминий (Rose Gold, Silver, Jet Black, Space Gray) және титан (Natural, Gold, Slate) сияқты жеті нұсқасы бар.

Apple Watch сериясы 11 | Apple
IMAGE Apple Watch сериясы 11 | Apple
Apple-дің болашаққа көзқарасы: iPhone 17, жаңа сағаттар және AirPods Pro 3

Apple Watch SE 3

Apple Watch-тың ең қолжетімді нұсқасы болып табылатын Apple Watch SE 3 енді Always-On Display функциясымен және жаңа S10 процессорымен жабдықталған. Сонымен қатар, ол тыныстың уақытша тоқтауын (апноэ) қадағалай алады. Қайта өңделген алюминийден жасалған бұл модель Starlight және Midnight түстерінде ұсынылған.

Apple Watch SE 3 | Apple
IMAGE Apple Watch SE 3 | Apple
Apple-дің болашаққа көзқарасы: iPhone 17, жаңа сағаттар және AirPods Pro 3

Apple Watch Ultra 3

Флагмандық Apple Watch Ultra 3 моделі үлкен OLED-дисплейге және сапфир шынысы бар титан корпусқа ие болды. Ол 5G және спутниктік желілерді қолдайды, ал автономды жұмыс уақыты 72 сағатқа дейін жетеді. Сағат Black және Natural атты екі нұсқада қолжетімді.

Apple Watch Ultra 3 | Apple
IMAGE Apple Watch Ultra 3 | Apple
Apple-дің болашаққа көзқарасы: iPhone 17, жаңа сағаттар және AirPods Pro 3

AirPods Pro 3

AirPods Pro 3 құлаққаптарының дыбысы жақсарып, белсенді шуды басу функциясы жетілдірілген. Оған қоса, енді олар пульсті өлшей алады, ылғал мен терден қорғалған және Apple Intelligence негізіндегі нақты уақыттағы аударма функциясын қолдайды.

AirPods Pro 3 | Apple
IMAGE AirPods Pro 3 | Apple
Apple-дің болашаққа көзқарасы: iPhone 17, жаңа сағаттар және AirPods Pro 3