Power & Purpose|Impact

VENINI & Damiani: Алматыда итальяндық өнер кеші қалай өтті?

АвторыTatler Kazakhstan
30.04.2026
Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
IMAGE Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
Алматыда итальяндық L’arte di vivere, яғни «өмір сүру өнері» философиясына арналған Ode all’Italia атты сән-салтанатты жабық кеші өтті

Ұйымдастырушылар бұл кешті жай ғана кездесу емес, дәстүр, қолөнер мен эстетика қонақтардың жеке тәжірибесімен тамаша ұштасқан, көпшілікті толық баурап алған ерекше шараға айналдыра білді. Италия мен Қазақстан арасындағы мәдени диалог аясында өткен бұл жиында бір алаңда заманауилық пен дәстүр, сондай-ақ венециандық шыны мен зергерлік классика өзара мінсіз үйлесім тапты.

Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
IMAGE Фотосуретші: Әділ Мәметәлі

Гала-кеш барысында Жанна Канға Италияның мемлекеттік марапаты – Ordine della Stella d'Italia табысталды. Бұл мәртебелі жұлдыз екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, оған қоса өнер мен қолөнер мұрасын кеңінен насихаттауға қосқан сүбелі үлесі үшін беріліп отыр.

Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
IMAGE Фотосуретші: Әділ Мәметәлі

Кеш бағдарламасы ғасырдан астам тарихы бар Damiani сән үйінің зергерлік бұйымдар презентациясын, аты аңызға айналған Venini муран шынысы брендінің көрмесін, онымен қоса өте мазмұнды мәдени бөлімді қамтыды.

Сильвия Дамиани | Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
Ғазиза Шабдарбаева, Жанна Кан, Мәдина Смағұлова, Анар Рахымбаева | Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
Зиёда Ибрагимова, Диляра Мәжитова, Гүлмира Толғанбаева | Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
Зиёда Ибрагимова, Диляра Мәжитова, Гүлмира Толғанбаева | Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
Лилия Рах пен Роза Рымбаева | Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
Аида Әшімова мен Мария Подгорбунская | Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
Диляра Мәжитова, Гүлнар Құнанбаева, Гүлмира Толғанбаева, Сон Паскаль, Гауһар Қаппарова, Айнұр Ахметова, Камила Нигай | Фотосуретші: Әділ Мәметәлі
7 фотоның / 1 фотосы Сильвия Дамиани | Фотосуретші: Әділ Мәметәлі

Құрметті қонақтар қатарынан Сильвия Дамиани, Максимилиано Мулас пен Лука Касароло төрден табылды. Олармен бірге бұл кешке дипломаттар, бизнес элитасы мен қоғам көшбасшылары, мәдениет қайраткерлері мен танымал инфлюенсерлер қатысты.