Power & Purpose|Impact

Соңғы «тәуір» жыл ма? Неліктен бәрі 2016 жылды аңсайды?

Автор Сергей Калугин
21.01.2026
Тейлор Свифт, Джек Антонофф және Лорд | Жеке мұрағатынан
IMAGE Тейлор Свифт, Джек Антонофф және Лорд | Жеке мұрағатынан
Әлеуметтік желілер 2016 жылға деген сағынышқа толы жазбаларға толып жатыр – қолданушылар осыдан он жыл бұрынғы өмірлерін талқылап, сол кездегі фильмдерді, музыканы, сән үлгілері мен жарқын оқиғаларды жаппай еске түсіруде. Бүгінде көпшілік ол жылды мәдениеттің шарықтау шегі ретінде қабылдайды, өйткені ол уақытта дүние жасанды интеллектің әсерінсіз әрі жаппай коммерцияланбаған, шынайы күйде болатын. Tatler басылымы жұрттың нақты нені аңсайтынын анықтау мақсатында сол жылдың басты оқиғаларын жинақтап шықты

Клиптік ойлау жүйесінің қалыптасуы

2016 жыл қазіргі қоғам үшін үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Дәл осы жылы әлеуметтік желілер біз бүгін көріп жүрген кейіпке ене бастады: мәселен, Instagram желісі лентаға бір ғана сурет қоюдың орнына «карусель» жасауға рұқсат беріп, стористерді қолданысқа енгізді. Сондай-ақ бұл кезең қазіргі таңда TikTok деген атпен танымал Douyin желісінің дүниеге келген жылы ретінде де есте қалды.

Дәл осы 2016 жыл бүгінде Instagram мен YouTube сияқты ең танымал платформаларда үстемдік етіп тұрған қысқа видеоформаттардың негізін қалады. Сондықтан бұл кезеңді біздің клиптік ойлау жүйеміздің ресми туған күні деп сеніммен айтуға болады.

Unsplash
IMAGE Unsplash

YouTube платформасының дәуірі

Тиктоктар, рилстер мен шортстар пайда болғанға дейін әлемдік кеңістікте YouTube платформасы үстемдік ететін. Ол кез мүлдем бөлек – ұзақ мазмұнды контенттің дәуірі еді. Бүгінде мұны елестету қиын болғанымен, ол уақытта адамдар басқа нәрсеге алаңдамастан, сүйікті инфлюенсерлерінің влогтарын сағаттап тамашалай беретін, бұл жайт қазіргі таңда ерекше сағыныш тудырады.

Unsplash
IMAGE Unsplash

Сиқыр қайта оралған жыл

2016 жыл бүгінгі миллениалдар үшін айтулы кезең болды – себебі осыдан он жыл бұрын киноэкрандар мен кітап дүкендеріне сиқыр әлемі қайта оралды. Көп жыл бойы Джоан Роулингтен қандай да бір жаңалық күткен поттеромандардың тілегі ақыры орындалды. Кинотеатрларда «Fantastic Beasts and Where to Find Them» франшизасының бірінші бөлімі – Гарри Поттер туралы негізгі фильмдер сериясының приквелі жарық көрді. Дәл сол жылы Лондон театрында «Harry Potter and the Cursed Child» пьесасы қойылып, кітап сөрелерінде аттас кітап сатыла бастады.

«Fantastic Beasts and Where to Find Them» фильміне постер | IMDb
IMAGE «Fantastic Beasts and Where to Find Them» фильміне постер | IMDb

2016 жыл, сондай-ақ,  келесі буын үшін Гарри Поттердің орнын басқан жобаның – «Stranger things» хикаясының тұсаукесерімен де есте қалды. Ол кезде бәрі әлі Стивті жек көретін болса да, жақын арада жағдай мүлдем өзгеретін еді..

«Stranger Things» сериалына постер | Кинопоиск
IMAGE «Stranger Things» сериалына постер | Кинопоиск

Леоның айтулы жылы

2016 жыл үлкен кино әлемі үшін де ұмытылмас кезең болды. Кем дегенде бір ғана оқиғаны – Леонардо ДиКаприоның өзінің алғашқы «Оскар» сыйлығын алғанын еске алсақ та жеткілікті. «The Revenant» оның ең үздік рөлі болмағанымен, жанкүйерлер әділдік орнап, марапаттың лайықты иесіне бұйырғанына қатты қуанды. 

«The Revenant» фильмінен кадр | IMDb
IMAGE «The Revenant» фильмінен кадр | IMDb

Музыкалық бетбұрыс

2016 жыл аңыз тұлғалардың бірінен соң бірі өмірден өткен жылы ретінде тарихта қалды: Принс, Дэвид Боуи, Леонард Коэн, Джордж Майкл сияқты бүкіл буынды тәрбиелеген музыканттар дүние салды. Сонымен қатар бұл кезең жаңа музыкалық нарықтың да туған жылы еді: Тейлор Свифттің феноменге айналған «1989» альбомы екі «Грэмми» мүсіншесін иеленіп, әлемге «свифти» қозғалысын сыйлады. Сондай-ақ BLACKPINK тобының дебюті орын алып, олар BTS тобымен бірге бүкіл әлемді K-Pop жанрына ғашық қылды.

Тейлор Свифт | Getty Images
IMAGE Тейлор Свифт | Getty Images

Ескі форматтағы әдебиет

2016 жылы мәтінді жасанды интеллект жазды ма, әлде оның авторы тірі адам ба деген сұрақ ешкімді мазаламайтын. Бұл ескі форматтағы әдебиет үшін мұңлы да, қуанышты да оқиғаларға толы үлкен жыл болды. Жыл басында XX ғасырдың басты туындыларының бірі «Убить пересмешника» романының авторы Харпер Ли өмірден өтсе, жыл соңында Боб Дилан Нобель сыйлығын иеленді. Ол кезде бұл шешім көптеген дау тудырғанымен, оның поэзиясы мен әндері қазіргі музыка үшін үлкен бетбұрыс болғанын ескерсек, ол Нобель сыйлығына әбден лайықты еді.

Оверсайз және кроссовкалар

2016 жылы Balenciaga брендінің жаңа креативті директоры Демна Гвасалия өзінің алғашқы топтамасын ұсынып, келесі онжылдыққа арналған сән бағытын айқындап берді. Дәл осы кезде оверсайз силуэттердің, спорттық эстетиканың, логоманияның және жоғары сән мен көше мәдениетінің синтезі бүкіл сән әлеміне белсенді әсер ете бастады. Сондай-ақ трикотаж үстіңгі бөлігі мен масивті табаны бар Speed Trainer кроссовкалары пайда болып, олар «ugly sneakers» трендіне жол ашты.

Balenciaga Fall 2016
IMAGE Balenciaga Fall 2016
Balenciaga Fall 2016
IMAGE Balenciaga Fall 2016

Кезектегі тренд

Шындыққа тура қарасақ: иә, 2016 жыл керемет болды, ол думскроллингтен ада «соңғы қалыпты жыл» еді. Бірақ оған деген ностальгия – адамның мазасыз әрі тұрақсыз шынайылықтан қашуға тырысқан кәдімгі эскапизмі болып табылады. Бұл үрдіс тіпті 2016 жылдың өзінде де байқалған: сол жылы әлем жадының түкпірінен покемондарды қайта жаңғыртып, Pokémon GO ойынының арқасында оларға қайта ғашық болды. Көпшілік үшін бұл видеоойындар мен аниме шарықтау шегіне жеткен 90-шы және нөлдік жылдардағы балалық шаққа оралумен тең болды.

Unsplash
IMAGE Unsplash