Power & Purpose|Impact

Халықаралық жанжал және қазақстандық арудың тарихи жетістігі: «Miss Universe – 2025» додасында не болып жатыр?

Автор Виктория Лебедева
18.11.2025
Дана Алмасова | Miss Universe ресми сайты
IMAGE Дана Алмасова | Miss Universe ресми сайты

Голливудқа лайық шытырман оқиға дәл қазір Таиланд елінде өтіп жатқан «Miss Universe – 2025» додасында орын алуда

Байқаудың сыртынан жарқыраған киімдер мен үміткерлердің күлкісінің тасасында жанжал, жаппай улану және ұйымдастырушылардың репутациясын құтқару шаралары жасырынып жатыр.

«Сіз мені әйел ретінде құрметтемейсіз»

Бірінші жанжалдың басталуы тікелей эфирде орын алды. Конкурстың бас ұйымдастырушысы Нават Ицарагрисилдің «Мексика аруы» Фатима Бошты ақылсыз деп атап, баршаның көзінше қорлауы үлкен жанжалдың басталуына себеп болды.

«Miss Universe» ұйымының президенті Рауль Роча бұл жанжалға қатысты өз жауабын лезде бейнеүндеу арқылы жариялады. Ол Ицарагрисилдің әрекетін «қорлау және қорқыту» деп бағалап, ұйымның әйелдердің қадір-қасиеті мен құрметіне нұқсан келтіруге жол бермейтінін қатаң мәлімдеді. Кейінірек Ицарагрисилдің байқауға қатысуы «шектелетінін немесе толығымен тоқтатылатыны» хабарланды.

Финалистердің жаппай улануы

Ұйымдастырушы басшылық этикалық дауды шешуге кіріскенде, байқауға одан да сорақы соққы тиді – жаппай тамақтан улану оқиғасы. Бірнеше финалистің тамақтан қатты уланып, ауруханаға жеткізілгені мәлім болды.

Зардап шеккендердің арасында Бригитта Шабак (Эстония), Санли Лю (Индонезия) және Кинчо Деженьи (Венгрия) бар. Алғашқы екеуі тез қалпына келгенімен, 21 жастағы Кинчо бірнеше күнге ауруханада жатқызылды. Жұртшылық ұйымдастырушыларды қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді деп айыптап, әлеуметтік желіде наразылық білдіруде.

Жүзу киімі байқауындағы жетістік

Осы хаосқа қарамастан, байқау өз жалғасын табуда. Бұл жерде Қазақстан делегациясының ерекше табысы көзге түсті. Қазақстанның атынан қатысушы Дана Алмасова дәстүрлі Swimsuit Fashion Show байқауында топ-5 үздік үміткер қатарына еніп, тамаша нәтиже көрсетті.

Жүзу киімі дефилесінің финалистері:

  • Пуэрто-Рико – Зашели Алисея;
  • Бразилия – Джессика Педросо;
  • Қытай – Джойс Лам;
  • Таиланд – Вина Правинар Сингх;
  • Қазақстан – Дана Алмасова.

Қазір қазақстандықтар 19 қарашаға дейін жалғасатын «Көрермендер көзайымы» жүлдесі үшін өз өкілдеріне белсенді дауыс беріп жатыр.