Power & Purpose|Impact

Бүгінгі тартымды ерлер: «кеміргіштер», твинктер және химболар

Автор Анель Танкибаева
01.08.2025
Джереми Аллен Уайт – бүгінгі тартымды ерлер санатының ең жарқын өкілдерінің бірі | Calvin Klein
IMAGE Джереми Аллен Уайт – бүгінгі тартымды ерлер санатының ең жарқын өкілдерінің бірі | Calvin Klein

Бүгінгі күннің негізгі ерлер архетиптері медиакеңістікті қайтадан жаулап алды. Соларға тоқталып өтейік

Дэвид Коренсвет, Николас Холт және Брэд Питт – қазіргі ерлер тартымдылығының үш жарқын өкілі. Олардың жүздері мен денелері «Супермен» және F1 фильмдерінің таныстырылымы аясында экраннан түспейді. «Осындай сүйкімді әрі сымбатты ер адамның жанында тұрып, өзіңнің абыройың мен сенімділігіңді сақтап қалу өте қиын», – деп ағынан жарылды Дэвид Коренсвет өзінің әріптесі Николас Холт туралы. Шынымен де, ультрасексуалдылық өршіп тұрған заманда сабыр сақтау оңай емес.

Soft Boy және Pick-me Twink

Әңгімені Тимоти Шаламе сияқты андрогиндік (келбеті нәзік) жігіттерге деген ерекше қызығушылықтан бастайық. «Леди Берд» және «Мені өз атыңмен ата» фильмдерінен кейін актер көпшілікті баурап алды. Онымен бірге ерлердің тартымдылығы туралы қазіргі түсінік те өзгерді. Ол Soft Boy және Pick-me Twink деп аталатын, яғни классикалық маскулиндікке мүлде қайшы келетін жаңа архетиптің өкілі. Оның бойындағы ерекшеліктер: Рембрандт пен Боттичелли картиналарынан алынғандай нәзік бет-әлпет; тікелей жан дүниеңе үңілетін мұңлы көзқарас; кез келген желдің екпініне майысуға дайын тұрған сабақтай сымбат. Soft Boy – бұл тартымды еркек туралы дәстүрлі түсініктерден алшақ, эмоционалды және сезімтал жігіт. Ал Pick-me Twink – осыған ұқсас архетиптің ирониялық атауы. Мұндай жігіт өзіне назар аударту үшін «өзгелерден бөлек» болуға тырысады.

Тимоти Шаламе | «Мені өз атыңмен ата» фильмінен кадр | Frenesy Film Company
IMAGE Тимоти Шаламе | «Мені өз атыңмен ата» фильмінен кадр | Frenesy Film Company
Бүгінгі тартымды ерлер: «кеміргіштер», твинктер және химболар

Медиакеңістікте «нәзік жігіт» бейнесі әлі де өз танымалдылығын жоғалтқан жоқ, арық денелі, бұйра шашты Марк Эдельштейн соның бір мысалы. Ал осы трендтің негізін қалаған Тимоти Шаламенің өзі енді классикалық гипермаскулиндікке қарай бет бұрғандай: ол планетааралық империяны басқарады, үстел теннисінен чемпион атанады, Брэд Питтің стилисінің жетекшілігімен киінеді және электромобиль өндіретін компанияның елшісі болып тағайындалады.

Марк Эдельштейн | Instagram: @mark.eydel
IMAGE Марк Эдельштейн | Instagram: @mark.eydel
Бүгінгі тартымды ерлер: «кеміргіштер», твинктер және химболар

Himbo

Классикалық маскулиндік сұлулық стандарттары 2023 жылы «Барби» фильмінің шығуымен қайта оралды. Бұл фильм Himbo дәуірін бастады. Оның басты өкілі, әрине, Кен рөлін сомдаған Райан Гослинг болды: мүсіндей денелі, бірақ мінезі бала сияқты аққұба жігіт. Himbo – «him» (ол, ер адам) және «bimbo» сөздерінен құралған термин. Bimbo деп әдетте «ақымақ, бірақ тартымды» әйелдерді атайды. Himbo жігіттері сырттай маскулинді болғанымен, оларды көбіне зияны жоқ алтын ретриверлермен салыстырады, себебі олар да сондай аңғал әрі адал келеді. Мысалы, Джейсон Момоа мен Трэвис Келси – спорттық дене бітімі бар, әзіл-қалжыңға бейім үлгілі отбасы иелері.

Райан Гослинг, «Барби» фильмінен кадр | Heyday Films
IMAGE Райан Гослинг, «Барби» фильмінен кадр | Heyday Films
Джейсон Момоа | Instagram: @prideofgypsies
IMAGE Джейсон Момоа | Instagram: @prideofgypsies
Трэвис Келси | Instagram: @killatrav
IMAGE Трэвис Келси | Instagram: @killatrav

Rodent Man

Himbo-дан кейін тартымдылықтың жаңа шыңы Rodent Man, яғни бет-әлпеті үшкір, күлгенде тістері көрінетін, үлкен құлақты «кеміргіш-адам» болды. Бұл термин басты рөлдерді Джош О'Коннор мен Майк Фейст сомдаған «Претенденты» фильмінен кейін пайда болды. Көрермендер актерлердің «Flushed Away» және «Стюарт Литтл» мультфильмдерінің кейіпкерлеріне ұқсастығын бірден байқады. Осыдан «тышқандарға» деген қызығушылық туындады. Басқа танымал «кеміргіштер» қатарында – Джереми Аллен Уайт, Мэттью Хили және Адам Драйвер бар. The New York Times басылымы бұл құбылысты жасанды сұлулыққа – нейрожелі, фотошоп және фильтрлерге деген қарсылық деп санайды. Адамдар мінсіз емес, шынайы келбетті аңсай бастады және «асимметриялы беттің осалдығын» көргісі келеді.

Майк Фэйст, «Претенденты» фильмінен кадр | Frenesy Film Company
Джош О'Коннор, «Химера» фильмінен кадр  | Ad Vitam Production
Джереми Аллен Уайт | Кальвин Клейн
Мэттью Хили | Getty Images
Адам Драйвер, «Гуччи үйі» фильмінен кадр | Bron Studios
5 фотоның / 1 фотосы Майк Фэйст, «Претенденты» фильмінен кадр | Frenesy Film Company

Ugly Hot

Rodent Man архетипін Ugly Hot-пен шатастырмау керек. Ugly Hot – бұл сырттай қарағанда сұрықсыз, бірақ өте тартымды ер адам. Оның басты айырмашылығы – шымыр да бұлшықетті денесінде. Ugly Hot типажына Уилл Поултер мен Барри Кеоган жатады: екі актер де бір сәтте сыртқы келбетін шынықтырып, танымастай өзгерген. Сабрина Карпентер өз әнінде Барри туралы: «Көк көзді, кең иықты, бірақ сұрықсыз бұл жігіт кім?» деп сипаттайды. The New York Times-та: «Сырттай сұрықсыз адамды «әдемі» деп тану арқылы сіз өзіңіздің талғамыңыздың ерекше екенін көрсетесіз», – деген пікір бар. Мойындайық, Rodent Man, Ugly Hot немесе Himbo болсын – әр ер адамның өз тартымдылығы бар. Бір өлеңде айтылғандай: «Бұлшық еттерің соғыс үшін емес // Еріндерің пікір айту үшін емес // Көздерің біз қарау үшін жаралған».

Уилл Поултер, «Под огнем» фильмінен кадр | A24
IMAGE Уилл Поултер, «Под огнем» фильмінен кадр | A24
Барри Кеоган, «Банши Инишерина» фильмінен кадр | Blueprint Pictures
IMAGE Барри Кеоган, «Банши Инишерина» фильмінен кадр | Blueprint Pictures

Позитивті маскулиндік

Шамасы, ерлер де заман ағымына бейімделген сияқты: енді медиадағы ерлердің тартымдылығы басқаша бағаланады. Маскулиндіктен барлық жағымсыз сипаттары алынып тасталды. «Нағыз еркек» – бұл тек Aston Martin механигімен құшақтасқан Том Холланд ғана емес, сонымен бірге Prada-ның нәзік Paradigme парфюмін жарнамалаған Том Холланд. Бұл – жаттығудан кейін терлеген Дуэйн «Скала» Джонсонға қыздарының сүйкімді болып макияж жасап отырғаны. Бұл – Calvin Klein жарнамасындағы жартылай жалаңаш Бэд Баннидің, сәлден соң тікелей эфирде сезімтал болып жылап отырғаны. Бұл – татуировкасы бар мықты білегімен үлкен құшақ гүлді ұстап тұрған Джереми Аллен Уайт. Нәтижесінде, көптен күткен өзгеріс орын алды: ер адамдар өздерінің еркектігін де, сезімталдығын да бірдей қабылдай бастады.

Майкл Фассбендер, «Чёрный чемодан – двойная игра» фильмінен кадр | Casey Silver Productions
IMAGE Майкл Фассбендер, «Чёрный чемодан – двойная игра» фильмінен кадр | Casey Silver Productions
Бэд Банни | Instagram: @badbunnypr
IMAGE Бэд Банни | Instagram: @badbunnypr
Киану Ривз,  «Кто там» фильмінен кадр | Black Bear
IMAGE Киану Ривз, «Кто там» фильмінен кадр | Black Bear